Шымкентте 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілді
Шымкентте жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатқа 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетілді. Кардиохирургия мен нейрохирургия салаларындағы мұндай операциялардың құны бірнеше миллионнан бастап 70 миллион теңгеге дейінгі қаражатты құрайды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова жалпы биылғы жылы қалада қымбат бағалы әрі күрделі 1500 -ға жуық операцияны қаржыландыру жоспарланғанын атап өтті.