Шымкентте ерекше жандар жасаған қолөнер бұйымдары көпшіліктің назарына ұсынылды

Қазан айының соңғы жексенбісі – елімізде әлеуметтік сала қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі. Осы айтулы күнге орай, Шымкент қаласының Арбат алаңында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының ерекше көрмесі өтті.

Шымкентте Түркиялық Гази университетінің филиалы ашылды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің базасында түркиялық Гази университетінің филиалы ашылды. Тарихи құжатқа қол қою рәсіміне КР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркия мемлекетінің Жоғары білім кеңесінің төрағасы профессор, доктор Ервол Өзвар, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректордың у.м.а. Сүгірбаева Гүлжан және Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Угур Үнал қатысты.

Гази университеті – 1926 жылы негізі қаланған жоғары оқу орны. Түркияда ғылым мен білім берудің басты орталығы ретінде құрылған алғашқы оқу орындарының бірі. Білім беру, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары, медицина және т.б. көптеген бағыттар бойынша білікті кадрлар даярлайды. 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 1937 жылы негізі қаланған жоғары оқу орны. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі жоғары білім мен ғылымның қарашаңырағы. Университеттің алты факультеті болашақ педагогтерді, білім беру саласының үздік мамандарын даярлайды. 

Екі университет арасындағы өзара ынтымақтастық 2021 жылы 13 қазанда бастау алған. Гази университетінің ректоры, профессор Мұса Йылдыздың Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне ресми сапары барысында өзара ынтымақтастық туралы келісімшартқа және Erasmus бағдарламасы бойынша өзара серіктестік туралы институтаралық келісімшартқа қол қойылып, жоғары білім мен ғылым саласындағы бірқатар бастамаларға жол ашылды. Осы жылы Ө. Жәнібеков университетінің 10 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуға Гази университетіне жіберіліп, бір семестр бойы білім алып, тәжірибе алмасып келді. Сондай-ақ, 2 докторант Гази университетінде білікті ғалымдардың жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті. 

2022 жылы мамыр айында Ө. Жәнібеков университеті ректорының Гази университетіне ресми сапары аясында білім беру, әдістемелік және ғылыми қызметтер бойынша магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары аясындағы ынтымақтастық туралы қосымша келісімге қол қойылды. Осы жылы Ө. Жәнібеков университетінің тағы 10 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Гази университетінде білім алса, 6 докторант ғылыми тағылымдамадан өтті. Сол жылы қараша айында Гази университетінің профессоры Южел Гелишли ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Шетелдік ғалымдарды оқытушылық қызметке тарту» бағдарламасы аясында Ө. Жәнібеков университетінде білім алушыларға дәріс оқуға шақырылып, бір ай бойы профессор-оқытушылар құрамымен өз тәжірибесімен бөлісті. 

Ал 2022 жылы 24 қарашада Гази университетінің ректоры, профессор Мұса Йылдыздың ресми сапары барысында Жәнібеков университетінде Гази университетінің филиалын ашу жөніндегі бастапқы келісімге қол қойылып, стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі басталған болатын.

 

Шымкенте екі жайлы мектептің техникалық ашылуы өтті

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге қалада алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуына қатысты. Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастайды. 

Шымкентте «Азаттықтың ақ таңы» мерекелік шара өтті

Шымкент қаласыгдағы «Tulip hall» ғимаратында 25 қазан —Республика күніне арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Онда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйлеп, Ұлттық мерекенің мән-мағынасы жөнінде айтты. 

Шымкент: Қаратау ауданында инфрақұрылымды дамыту көрсеткіштері артып келеді

Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы ірі аудандардың бірі, оның жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайды, ал халық саны 220 мыңға жуық. Аудан құрамында 18 елді мекен мен 595 көше бар, сондай-ақ 12 демалыс орны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, өзіне жүктелген 24 функцияны орындап келеді. Бұл туралы бүгін Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы брифинг барысында баяндады. 

Шымкентің туристік әлеуеті Ыстамбұлда таныстырылды

Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасының бас Консулдығының қолдауымен туристік форум-көрме өтті. Бұл шарада Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері түркиялық туристік операторларға кеңінен таныстырылды. Форумға Түркияның 100-ден аса туристік агенттіктері мен сала мамандары (ТУРСАБ) қатысты.

Шымкентте реновация бағдарламасына қатысушыларға пәтер кілттері берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан – баршаға және баршаға. Қазір және мәңгі" сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндеттер белгіледі. Президент 2029 жылға дейін республика бойынша апатты жағдайдағы 1500 тұрғын үйді бұзып, иелеріне жаңа пәтер беруді тапсырды.