Түркістан облысы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстар жоғары деңгейде дамып келеді
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-дың Сычуань провинциясы, Мяньян қаласынан келген делегациямен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды.