Super User

Super User

ТҮРКІСТАНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» МЕН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАЛАРЫН БІР БАҒДАРЛАМАҒА БІРІКТІРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ауылдардың еңсесін көтеруге бағытталған жобаларды жүйелеп, бір бағдарламаға біріктіру бастамасын көтерген болатын. Кеше Түркістан облысында осы мәселеге қатысты мәжіліс өтті. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен мәжіліске жауапты министрлік өкілдері, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІРІ СУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ, СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҒЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ҚР Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі су қоймаларының қазіргі жай-күйін бақылады. Алдымен тікұшақпен «Бөген», «Бәйдібек ата», «Шардара» су қоймаларына әуеден визуалды бақылау жасалды. Судың мөлшері, жайылуы, толымдылығы зерделенді.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Күні кеше Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында қаладағы тұрғын үй мәселелері, құрылыс сапасы және орындаушылық тәртіпке қатысты өзекті мәселелер қаралды.

ШЫМКЕНТ: ШАҺАРДЫ КӨРКЕЙТУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН СКВЕРЛЕР ПАЙДА БОЛАДЫ

Тұран ауданында тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. 2024 жылы демеушілердің қолдауымен екі жаңа демалыс орны ашылды.

Осы RSS каналға жазылу