Super User

Super User

Түркістан облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында «Этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретудің тиімді жолдары: жаңа инновациялық әдістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов модераторлық етті.

Түркістан облысында тағы бір өндірістік кешен салынбақ

Түркістан облысында тағы бір ірі өндірістік кешен салынады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды таяуда инвесторлармен кезекті кездесу өткізіп, жаңа жоба барысын жан-жақты талқылады. Нәтижесінде, облыс әкімдігі мен Qingdao Wanlin Food Co азық-түлік компаниясы басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда қабылданды

ҚР Парламенті Мәжілісінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Заң жобасы Мемлекет басшысының қалаға рухани және тарихи орталық ретінде ерекше мәртебе беру тапсырмасына сәйкес әзірленген. Маңызды құжатты әзірлеуге Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы және қаланың тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болды.

Түркістан облысы: бірнеше ауданда фельдшерлік-акушерлік бекет пен медициналық пункт ашылды

Ордабасы ауданы, Қарабастау елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік бекеті ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Азат Оралбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қатысты.

Осы RSS каналға жазылу