Түркістан: Төтенше жағдай режимін бұзған 53 азамат қамауға алынды
Бүгінде Түркістан облысында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Бұл ретте әлі де ТЖ талабын орындамаған азаматтар көп.
Бүгінде Түркістан облысында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Бұл ретте әлі де ТЖ талабын орындамаған азаматтар көп.
Түркістан облысында 50-ге тарта ерікті тәртіп сақшыларына көмектесіп, жергілікті халыққа қол ұшын созуда.
Төтенше жағдай жариялануына байланысты Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімі де аты жаман індетпен күресуге өз үлесін қосуда. Блок бекеттерді тәулік бойы күзетеді, санитарлық-дезинфекциялық шаралармен коронавирустың кеңінен етек жаймауын алдын алады. Одан бөлек тұрғындарға міндеттелген бетпердені тағуды да учаскелік полицейлермен бірлесіп қадағалауда.
Шымкент қаласында осы жылдың 15-ші наурызы мен 31-ші наурыз аралығында өткен жылмен салыстырғанда қылмыстылық 23%-ға төмендеген. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы жариялады.
Шымкенттіктер коронавирус дертінің қауіптілігін әліде сезінбей отыр. Себебі мегаполисте жеке көлігімен жүргендердің 90 пайызында төтенше жағдай кезінде қатынауға рұқсат қағазы жоқ. Бұл олқылық «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы ұйымдастырған арнайы мониторинг кезінде анықталды.
Шымкент қаласының шеткі елді мекендерінде қыр-адырлар арқылы үлкен автожолдарға шығып кететін соқпақ жолдар бар. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған соң кейбір тұрғындар осы жолдар арқылы блок-бекеттерді айналып өтпек болған.
Шымкенттегі блок посттарда рұқсат қағазы жоқ 6 мыңнан аса көлік кері қайтарылды. Айта кетейік, шаһарда 4 сәуірден бастап карантин енгізіліп, қалаға кіріп-шығуға қатаң тыйым салынған болатын. Қазір Шымкенттегі 18 блок пост күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеп тұр.
Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатынсыз сатқандарға шара қолданылып жатыр. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірге заңсыз медициналық тауарларды сатуға қатысты 8 фактіні анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлады.