Ордабасы аудандық полиция бөлімінде дезинфекция жұмыстары күнделікті жасалып тұрады

Әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індеті біздің елімізде де өршіп, таралуда. Аталмыш дертті жұқтырған адам саны күннен-күнге артып, халықты үрейлендіруде. Осыған сәйкес елімізде төтенше жағдай енгізіліп, оның ішінде киелі облыста да арнайы мамандар тарапынан шектеулер қолданылуда.

Түркістан: Отырарлық туристік полицейлер өңір тарихын жетік біледі

Түркістан облысында туристік полиция қызметі жұмыс атқаруда. Ел тарихы мен шет тілдерін жетік меңгерген сала қызметкерлдері облыс орталығындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Отырар ауданындағы Арыстан баб мавзолейінде туристерге қызмет көрсетіп келеді. Жаңа құрылымның негізгі міндеті – өңірге келген саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Түркістан: Блок-постта тұрған полицейге бағынбай, күш көрсеткен тұрғын ұсталды

2020 жылғы 15 наурыздағы №285 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында Түркістан облысы бойынша блок-бекеттер орналастырылды. Аталған блок-бекеттерде полицейлер мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде тәулік бойы қызметтер атқаруда.

Түркістан: Өзбекстан азаматтары Сарыағаштық полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді

Әлемге тараған індетке байланысты әр азамат өз еліне, үйлеріне қарай ағыла бастады. Бұл әсіресе Өзбекстан Республикасымен шектесетін Сарыағаш ауданындағы Жібек-жолы кеден бекетінде карантинге байланысты Өзбекстан аумағына өту мақсатымен келген өзбекстандық азаматтардың легі көп.

Түркістан: Соттар қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті

Елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне және тез таралып жатқан аты жаман індетке байланысты Түркістан облысының соттары да қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті,-деп хабарлайды Түркістан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысыНұрлан Жамбулов.

Шымкент: Полицейлердің заң бұзушылығы туралы сенім телефонына және «Whatsappқа» хабарласуға болады

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 8 (7252) 21-43-23 сенім телефоны жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекет жайттары туралы хабарлай алады. Сондай-ақ "WhatsApp" мессенджерінде мына телефон арқылы жүгінуге болады: 8-702-371-55-66. 

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба басталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жаңа ақпараттық ағында іске асыру халықпен кедергісіз байланыс құру үшін инновациялық тәсілдің қажеттілігін көрсетеді.