Төлеби ауданының прокуроры жасөспірімдерді салауатты өмір салтына шақырды

Түркістан облысы, Төлеби ауданының прокуроры Дәулет Тлемісовтің бастамасымен құрылған мобильді топ мүшелері балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесулер өткізуде.

Түркістанда прокуратурамен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында ашық форум өткізілді

Бүгін Түркістан қаласында облыс прокуратурасының «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында Бірінші ашық форумы өтті. Шараға аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті Болат Әбдірәсілов және профессор-оқытушылар құрамы, облыстық жергілікті атқарушы органдарының басшылары, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау және бақылау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

Түркістан: «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 тәулігінде 80-нен астам қылмыс және 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Естеріңізге салсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінде биылғы жылдың 9-13 желтоқсан күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оған 800-ден астам тәртіп сақшылары, қоғамдық ұйым өкілдері мен басқа да тиісті орган мүшелері жұмылдырылды.

Түркістан облысында қылмыс деңгейі едәуір төмендеген

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 11 айында қылмыс деңгейі - 24,3 пайызға төмендепті. Аса ауыр қылмыстар - 15,5 пайызға, ауырлығы орташа қылмыстар - 34 пайызға, ал жеңіл қылмыстар – 3 пайызға төмендеген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеттінің Түркістан облысы бойынша басқармасының бөлім прокуроры Ботабек Нұрманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Түркістан: Келес ауданының полицейлері оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Полицейлер «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оларға қатысты қылмыстарды болдырмау аясында Келес АПБ-нің Жергілікті полиция қызметінің ЮПТ-ның мектеп инспекторы полиция майоры Э.Есенкулова, №3 А.Молдағулова атындағы жалпы орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында жиналыс ұйымдастырды.

Түркістан: Көші-қон қызметі 2,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Бүгінгі күні Түркістан облысы ПД көші-қон қызметімен 17 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады, оның ішінде 11-і ІІО көші-қон қызметі және 6-ы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарымен көрсетіледі.

Түркістан облысында адвокаттар саны артуы мүмкін

Түркістан облысында көпшілікке құқықтық кеңес беретін адвокаттар жетіспейді. Статистикаға сүйенсек өңірде бар-жоғы 131 ғана қоғарушы жұмыс істейді. Оны халық санына шаққанда бір маманға 16 мың тұрғынан келеді екен. Бұл мәселе облыс орталығында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысында айтылды.

Түркістан облысының прокуроры жылды қорытындылады

Облыс прокурорлары жыл басынан бері 450 мыңнан астам азаматтың құқығын қорғауға ат салысқан. Олардың ішінде 74 мыңы кәмелет жасына толмағандар болса мен 8 мыңдайы кәсіпкер. Сонымен қатар қадағалушы орган өкілдері 2 мыңдай жұмысшының ала алмай жүрген айлық жалақысын өндіруге де көмектескен. Ең бастысы ағымдағы жылы құны 2 миллиард теңгелік жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл туралы қазақстан прокуратура органдарының құрылған күніне орай ұйымдастырылған жиында облысымыздың бас прокуроры мәлімдеді.