Түркістан облысында 2 мыңға жуық лауазымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылған

Жыл басынан бері заңды бұзған 2 мыңға жуық лауазымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылып, оның 5-уі қылмыстық жазаға тартылған. Бұл туралы журналистермен жүздескен Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров айтып өтті.

Түркістанда халыққа заң жүзінде көмек көрсету жөнінде көшпелі отырыс өтті

Түркістанда күнгей өңірдің әділет департаментері өкілдерінің қатысуымен халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша көшпелі отырыс өтті. Аталған мәжілісалтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бесінші сессиясына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Аталмыш жиынға арнайы келген Парламент Мәжілісінің депутаттары, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің мүшелері халыққа тиімді түсіндірулер жөнінде кеңесті.

Түркістандық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен шетелдікті тауып берді

Түркістан облысы Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне Оңтүстік Корея азаматының жоғалып кеткендігі хабарланған. 2019 жылы қараша айының соңында Түркістан облысы Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны оның күйеуі, Оңтүстік Корея азаматы із-түзсіз жоғалып кеткендігі жөнінде арызданған.

Түркістан: Төлеби ауданында мал ұрлығының алдын алу бойынша рейд жүргізілді

Мал ұрлығы — бүгінгі күннің өзекті мәселесіне және ауыл дертіне айналып отырғаны баршамызға мәлім. Әсіресе, ауыл тұрғындарының күнкөріс көзі осы төрт түлік малдары болып табылады. Сондықтан әрбір малдың ұрлануы олардың тұрмыс-тіршілігі үшін қиынға соғары хақ. Бүгінгі таңда облыс аумағында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалуда.

Түркістан: Төлеби ауданында мемлекет есебінен салынған жолдар тексеруден өткізілді

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Сапалы жол - Адалдық алаңы» аясында Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласындағы аудандық маңызы бар КХТЛ-33 «КХТЛ-31-КХ35- Ақайдар Екпінді» көшесі және КХТЛ-31 «Ленгер КХ-82 Шымкент - Сайрам - Қасқасу - Шымкент» көшелерінде жалпы ұзындығы 9,3 шақырым болатын жолдан сынама алынып, мемлекет бюджеті есебінен салынған жолдардың сапасы тексерілді.

Түркістан облысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, жыл сайын 25 қараша күні - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою Халықаралық күні аталып өтіледі. ҚР ІІМ бастамасымен ел аумағында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында тәртіп сақшылары, жергілікті атқарушы органдар, білім, медицина, еңбек және әлеуметтік қорғау, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізілуде.

Түркістан: Тұңғыш Президент күніне орай жүзге жуық полицей парапатталды

Түркістан облыстық Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өткізді. Жиында полицейлерге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы баяндайтын «Елбасы жолы» деректі фильмі көрсетілді.