Түркістан: Мақтааралда қоғамдық көліктер жаңаруда

Мақтаарал ауданы тұрғындары үшін қоғамдық көліктер – күнделікті тұрмыстың маңызды бөлігі. Ауданның халық тығыз орналасқан елді мекендерін өзара байланыстыратын бағыттардың бірі – «Мырзакент – Атакент – Мырзакент» маршруты болып саналады. Бұл бағытта 2021 жылдың 1 маусымынан бастап тасымалдаушы мердігер «SAR avto» ЖШС-гі тұрақты түрде қызмет көрсетіп келеді.

Түркістан: «Қазығұрт» индустриалды аймағында 8 жоба жүзеге асырылуда

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында орналасқан «Қазығұрт» индустриалды аймағында 4,9 млрд теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, 249 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінде индустриалды аймақта жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 123 жаңа жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, жаңа өндіріс орындарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы оқушыларының 93,5% жазғы демалыспен қамтылады

Түркістан облысында биыл алғаш рет модульдік лагерь қолға алынып отыр. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерге 52 модульді жатақхана қойылды. Нәтижесінде мемлекеттік лагерлерде 7500-ден астам қосымша орын ашылды. Бұл туралы Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.

Түркістан: 700 мың га жер химиялық өңдеуден өтті

Биыл облыста аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 700 мың гектардан асты. Оның ішінде, 632 мың гектар жер үсті бүріккіштерімен, 64 мың гектар ұшақпен («АН-2»), 2 мың гектар аспалы бүріккіштермен және 1 мың гектар алқап дронмен өңделді.

Отырар ауданында 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай эстафеталық сайыс ұйымдастырылды

Бүгін “1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні” аясында «Әкем,анам және мен» тақырыбында отбасылық эстафеталық сайыс өтті.  Аудан орталығындағы «Қажымұхан Мұңайтпасұлы» атындағы спорт кешенінде өткен іс-шараға аудандағы барлық білім беру мекемелерінен оқушылар және балабақша бүлдіршіндері ата-аналарымен бірге қатысты.

Түркістан облысының әкімі балаларды төл мерекесімен құттықтады

Түркістан облысындағы «Балауса» жазғы лагерінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Табиғаты әсем, балаларға барлық жағдай жасалған демалыс аймағында 10 бағыт бойынша іс-шаралар, сайыстар ұйымдастырылды.

Түркістанда құны 200 млрд теңгені құрайтын мақта-тоқыма кластері құрылады

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов таяуда Қытайдың Xinjiang Lihua компаниясының төрағасы Чжан Цихаймен кездесті. Кездесу барсында Түркістан қаласындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны талқылады.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығына» 45 жыл толды

Бүгін Отырар ауданында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен музейдің 45 жылдығына арналған «Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның басты мақсаты – Отырар музейінің жарты ғасырға жуық даму жолын саралау, осы кезеңде қол жеткізілген жетістіктер мен жинақталған тәжірибені талдау, музей ісіндегі заманауи тәсілдер мен инновациялық бағыттарды талқылау арқылы болашақ дамудың стратегиялық бағыттарын айқындау.

Халықаралық деңгейде өткен шараға Қазақстанның әр аймағынан, сондай-ақ шетелден Ұлыбритания, Америка, Өзбекстан, Сервия және т.б. елдердің музей саласының жетекші мамандары, археологтар, тарихшылар, мәдениет саласының сарапшылары, музей ісінің теоретиктері мен практиктері қатысты. Жалпы саны 100-ге жуық қатысушы халықаралық тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді ортаға салуға мүмкіндік алды.

Конференцияның ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Азамат Нұржауұлы онлайн құттықтауын жолдаса, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы құттықтау сөз сөйлеп, музей саласына сүбелі үлес қосқан қызметкерлерге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы марапаттарын және Отырар музейінің 45 жылдық мерекелік төсбелгісін табыстады.

Сондай-ақ, құттықтау сөз кезегін музей саласының ардагерлері мен ғылым өкілдері жалғап, археолог, музей ісінің ардагерлері Алдабергенов Нұртаза Орынханұлы, Абдулла Жұмашев, Тұяқбаев Марат Қымызұлы өз лебіздерін білдірді.  Жиында «Әзірет-Сұлтан» музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Байболов Берік Қыстаубайұлы музей директорының атынан арнайы алғыс хатты табыстады.

Пленарлық отырыста Қожа Мұхтар Бахадырұлы, Салтанат Амирова, Юнусов Махмудхон Асатуллаевич баяндама жасап, тарихи өлке Отырардың шежірелі жәдігерлерін сақтауда музейдің алар орны мен ерекшелігіне тоқталды. Сондай- ақ, Философия ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов университетінің доценті Айнұр Жиенбекова және Этномузей қылует директоры, Қазақстан дизайнерлер және суретшілер одағының мүшесі Кендебай Қарабдаловтар құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлықтарын табыстады.

 

Сауран ауданы: Қарашықта өндірістік аймақ өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жобалардың бірі

Сауран ауданына қарасты Қарашық ауылдық округінде өндірістік аймақ құрылысын салу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы көлемі 10 гектарды құрайтын бұл аймақ — өңірдегі өндірістік әлеуетті арттыруға бағытталған ірі жобалардың бірі.

Түркістан: Бәйдібекте "ерекше" балаларға мектеп сөмкелері табысталды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Бәйдібек ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында аудан бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 354 балаға оқу-жазу құралдарымен толық жабдықталған мектеп сөмкелері сыйға берілді.