Түркістан облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары күшейтілген
ҚР ІІМ делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Түркістан қаласында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес отырысын өткізді.
ҚР ІІМ делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Түркістан қаласында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес отырысын өткізді.
Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай атшабар мен ескек есу каналының құрылысы жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған нысандарды аралап, құрылыс барысымен танысты.
Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанда құрылысы жүріп жатқан нысандардың жай-күйіне кезекті рет шолу жасап, жауапты басшылардың есептері мен ұсыныстарын тыңдады.
Бүгін Созақ ауданы Жартытөбе ауылында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылды. Ауыл орталығындағы «Астана» саябағы мерекеге орай сән-салтанатпен безендіріліп, шараға 1000-ға жуық балдырғандар мен ата-аналар белсене қатысты.
Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков қарымды қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Созақ үні» газетінің Бас редакторы Сәрсенбек Сайлаубекұлын қабылдап, 63 жасқа толған мерейтойымен және зейнеткерлік жасқа қадам басуымен құттықтады.
Балалар – ұлттың үміті, болашақтың бастауы. Олардың балалық шағы бақыт пен мейірімге толы, қауіпсіз әрі мазмұнды өтуі – баршамыздың ортақ парызы. Осы мақсатта бүгін аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы «BalaTime» - ойын сауық орталығында балаларды шаттыққа бөлеген мерекелік шара өтті.
Түлкібас ауданы әкімдігі мен аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен оқыту жиыны өтті. Шараның негізгі мақсаты - цифрландыру жүйесімен жан-жақты таныстыру.
Түркістан облысында 6 млн төрт түлік тіркелген. Мал басының жылдан-жылға ұлғаюына орай, жем-шөпке сұранысты қамтамасыз ету үшін малазықтық дақылдарға басымдық берілуде.
Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу мақсатында Түркістан қаласында жұмысшы топтың мүшелерімен арнайы жиын өтті. Жиынды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен іс-шаралар жоспары мен Түркістан облысы әкімінің өкімі негізінде қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов өткізді.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 678 шақырым болса, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар – 3983 шақырым.