Түркістанда әуесқой футбол лигасының жеңімпаздары анықталды

Облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен қорытынды жиында биылғы ойындардың жүлдегерлері марапатталды.

Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» қосымшасы пилоттық режимде сәтті іске асырыла бастаған

«Таза Қазақстан» бағдарламасы облыс көлемінде уақытылы өткізілуде. Қазіргі таңда жалпы аудан, қалаларда 291 ауқымды іс-шарасы өткізілді. Жыл соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес, 807 тазалық шарасын өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Түркістанда облыс тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту бағытында жиналыс өтті

Аталған бағытта «Қазақтелеком» байланыс операторының серіктесі «OK Telecom» ЖШС өкілдері мен Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мамандары арасында келіссөздер жүргізілді.

Түркістан облысы: «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол жүк ағыны болашақта 20-25 млн тоннаға дейін артуы мүмкін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол құрылысын жүргізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізді.

Түркістан облысында орта білім беру ұйымдарының саны 1060-қа артқан

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов мәлімдеді. Түркістан облысында 2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының саны 1 060-қа артқан. Бүгінде өңірде 530 мың оқушы болса, оның 52 593-ы биыл 1-сыныпқа қабылданады.

Түркістан облысында қалалар 100 пайыз, елді мекендер 97,3 пайызға ауыз сумен қамтылған

Түркістан облысында 807 елді мекеннің 737-сі ауыз сумен қамтамасыз етілген. Республикалық көрсеткішке сәйкес, өңірдің қалалары 100 пайыз, елді мекендер 97,3 пайызға ауыз сумен қамтылған. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 63 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 15,7 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде, 34 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 29 елді нысан 2025 жылға өтпелі.

Түркістан облысы: Асықатада заманауи стандартқа сай спорт кешені салынуда

Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінде заманауи стандарттарға сай спорт кешені бой көтеруде. Бүгінде тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде жер-жерлерде спорт нысандары бой салынып, спортты жанына серік етушілерде күн санап артып келеді.

Түркістан облысы: Жетісайда биыл аудандық бюдже есебінен 2,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт төселген

Қазіргі таңда Жетісай қаласындағы Амангелді көшесіне асфальт төсеу, жеке тұрғын үй секторлары мен көппәтерлі тұрғын үйдің аулаларын су басуының алдын алу мақсатында арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Түркістан облысы: Арыс қаласында асыл тұқымды қошқарлардың облыстық көрме сайысы ұйымдастырылды

Арыс қаласында тұқымы сирек қошқарлардың облыстық көрме сайысы өтті. Қалалық Орталық Стадионда өткен шараға қой бағып, қошқар баптаған облыс көлемінен үміткерлер 200-ден аса қошқар әкеліп, өзара бақ сынасты. Көрмені арыстық кәсіпкер, Алмаз Шүкірбеков пен қаланың белсенді шаруа қожалықтары ұйымдастырды.

Түркістан облысы: Жетісайда өткен сенбілікке аудан тұрғындары бір кісідей қатысты

Жетісай ауданына қарасты қала, кент, барлық ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар мен ерікті жастар, жергілікті тұрғындар қатысты.

Жалпы саны мыңнан астам адам мен 10 техника жұмылдырылған сенбілікке аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты. Санитарлық тазалық жұмыстарына қатысушылар негізінен көппәтерлі тұрғын үйлер мен саябақтардың, скверлер мен аллеялардың, автожолдар мен тұрғындар көп жүретін орындардың маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тазартып, шөптерін шапты. Қураған ағаштарды бұтады.

«Тазалық шараларын жиі ұйымдастырып өткізудегі негізгі мақсатымыз – аудан тұрғындарын туған өлкені таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы экологиялық тазалықты сақтауға, ұжымдасып жұмыс жүргізуге шақыру. Мұндай шараларды тұрақты түрде өткізуіміздің нәтижесінде қатысушылардың қатары да күн санап артып келеді. Бірқатар елді мекенде ауыл ақсақалдары тазалықтың сақталуын өз бақылауларына алған» - дейді аудан әкімі Серік Үсенұлы. Бұдан бөлек, сенбілікте аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды қоқыстан, керексіз қалдық заттардан тазартты.

Сонымен бірге, Созақ ауданына қарасты ауылдар мен елді мекендерде «Таза Қазақстан» Республикалық шарасы аясында сенбілік жұмыстары өтті. Сенбілікке 1900-ға жуық мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен белсенді жастар және 16 арнайы техника жұмылдырылды. Аудан аумағын көркейту-көгалдандыру жұмыстарын өз бақылауына алған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ішкі көшелер мен әлеуметтік нысандардың ауласын аралап, қосымша атқарылу керек жұмыстарды пысықтады.

Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары жұмыла кірісіп, аялдамаларды, ішкі көшелер мен саябақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Бұған қоса су өткелдері, көпірлер, өзен, канал, бұлақ, арық бойлары тазаланып, көше бойындағы талдардың түптері әктелді. Түркістан бағытына шығар жол бойындағы “Жасыл белдеу” аумағындағы шөптерді отап, егілген тал көшеттерін күтіп-баптау, суару жұмыстары жүргізілді. Оған қоса 33 шақырым көше бойлары мен 18 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 9 шақырымы тазаланып, полигондарға сенбілік барысында 69 тонна қоқыс тасымалданды.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат