Super User

Super User

ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЛА» ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының өкілдері оныншы рет өткен «Таза қала» акциясыныңжеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.

— Бүгін Республикалық маңызға ие Шымкент қаласының көркейіп, абаттануына үлес қосып отырған азаматтардың басын қосып отырмыз. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан акцияның биыл ауқымы кеңейіп, үздіктер саны артып отыр. Бұған дейін қала бойынша 4-5 аталыммен ғана үздіктер анықталып келген. Биыл 5 номинация бойынша әр ауданның өз үздіктері анықталып отыр. Бұл қаланың басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген өздеріңіздей азаматтарға алғысымыз шексіз, - деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов.

«Таза қала» акциясы аясында арнайы комиссия құрылып, қаладағы 4 ауданнан «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үлгілі коммуналдық қызметкер», «Үздік шағынаудан» аталымдарына сай жеңімпаздарды анықтаған.

— «Таза қала» акциясын ең алғаш рет 2007 жылы Шымкент қаласы облыс қарамағында кезде бастау алған. Содан бері байқау оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Жыл өткен сайын акцияға қызығушылық танытып, белсенді атсалысатын тұрғындар қатары көбейіп келеді. Сондықтан биыл әр аталым бойынша 4 ауданның өз жеңімпазын анықтауды жөн көрдік. Сондай-ақ, бұған дейін жеңімпаздарға бағалы сыйлық берген болсақ, биыл қатысушылардың өтінішіне орай жүлдені қаржылай табыстап отырмыз. Акцияның жүлде қоры 4 миллион 300 мыңды құрайды. Әр ауданға 1 миллионнан бөліп, қалған қаражатты ұйымдастыру жұмыстарына бағыттадық, - дейді Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков.

Айта кетейік, 5 аталым бойынша әр ауданнан 15 үздіктен 60 азамат марапатталды.

ШЫМКЕНТ: «ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ ЕРЕКШЕ»

Шымкент қаласына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен келді. Алдымен «Әл-Фараби» кітапханасында «Қариялық – даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі» тақырыбында қалалық ақсақалдар кеңесімен рухани кездесу өткізді.

Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері – Орынбай Рахманбердиев, Бекет Тұрғараев, Шалатай Мырзахметов, Әбілқасым Досболов, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бас мүфти ақсақалдар кеңесі мүшелерімен бірге қазақ халқының ертеден келе жатқан Ақсақалдар институтын ілгерілету, зиярат жасаудың әдебі, той өткізу салтына қатысты мәселелерді талқылады.

– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір-бірімен біте қайнасқан қос ұғым – дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттау жолында ілкімді істер атқарып келеді. Бүгінгі таңда имамдар ата-баба дәстүрімен ұштасқан дінімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауда. Жастарымыздың ата-баба жолынан таймай, үлкендердің үкілеген үмітін ақтауы маңызды. Бұл ретте оларға ақыл-кеңестерін айтатын, өмір атты мектептің сатысынан өткен, көпті көрген, көргенін көкейге түйген ақсақалдардың кеңесі ауадай қажет. Біз көбіне қоғамда, тұрмыста, отбасында болып жатқан келеңсіз жайттардың салдарымен күресіп келеміз. Енді салдарымен емес, себебімен күресетін уақыт әлдеқашан жетті, – деді Бас мүфти.

Қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов жат ағымдармен күрес жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстарын айтты. О.Рахманбердиев имамдардың білімін жетілдіру, жастар тәрбиесі бойынша ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, Бас мүфти «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінде түрлі саладағы озық ойлы жастармен кездесіп, мектептің бүгін тыныс-тіршілігімен танысты. Наурызбай қажы Тағанұлы жастармен «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында әңгіме өрбітіп, мұндай дәстүрлі өнер мектептері ауадай қажет екенін, қазақтың тойлары дәстүр мен ұлттық құндылықтар арқылы насихатталуы керектігін айтты.

Сауран ауданында барлық салалар бойынша даму бар

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков 10 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді. Брифинг барысында аудан әкімі аудандағы барлық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті. Соның негізгілеріне тоқталып, өтсек.  

Сауранда келесі жылы бірнеше нысан пайдалануға берілмек

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елдімекенінен 38 га жер бөлініп, онда аудандық әкімдік, күштік құрылымдар ғимараттары мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков мәлімдеді.

Осы RSS каналға жазылу