Super User

Super User

ШЫМКЕНТ: СПОРТҚА БЕЙІМ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР БОУЛИНГ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ

Шымкентқаласында «Special Olympics Kazakhstan» жобааясындабоулингтентурнирөткен болатын.Бұлерекшебілімдіқажетететінбалалар, жасөспірімдерменжастарғаарналғанеңіріспортұйымы. АрнайыОлимпиаданыңмиссиясызияткерлікдамуындаауытқуларыбарбалаларүшінәртүрліолимпиадалықспорттүрлерібойыншажылбойыжаттығуларменжарыстардыұйымдастыру.

РеспубликакөлеміндегібұлойынғаБатысҚазақстан, ШығысҚазақстан, АқмолаоблыстарыменАстана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбеқалаларынанқатысушыларжиналды.

ТурнирдіңашылусалтанатынаШымкентқаласыбілімбасқармасыныңбасшысыЖанатТәжиевақатысып, жасөспірімдергесәттіліктіледі.

Оқу-ағартуминистрлігініңтікелейбасшылығыменбарлықбілімұясындасалауаттыөмірсалтынқалыптастырумақсатындакөптегенспорттүріненжарыстарөтеді. Албүгінгіатаулыойындаерекшебалаларойынкөрсетеді. Олардыңмұндайсайысқақатысқаныныңөзіерлік. Сайысқаоқушылардытыңғылықтыдайындағанұстаздардыңеңбегікөңілқуантады. Барлықспортшыларбиіктұғырданкөрінугелайық, - дедіЖанатТәжиева.

 

МүмкіндігішектеулібалаларарасындабоулингтенреспубликалықтурниргеШымкентқаласыәкімдігі, Шымкентқаласыныңбілімбасқармасы, «GALAXY BOWLING» ойын-сауықорталығы, «Визит»ЖАҚ,«Sity» қонақүйіқолдаубілдірді. Мұндағымақсатқатысушылардыңспорттықжетістіктеріарқылыөзінедегенсенімділікпенөзін-өзіқорғаудыдамыту. Бұлөзкезегіндеәлеуметтікқызметтергеқолжеткізудіжеңілдетеді, жұмысмүмкіндіктерінашадыжәненәтижесіндеқоғамғакөбірекқатысудықамтамасызетеді.

Боулингтенжарысубалаларғақайжағынаналыпқарасақтаөзкөмегінтиігізеріанық. Сайысқакелгенбалалардыңөздеріарнайыәлеуметтікқызметорталығынанболғандықтан, сыртқакөпшықпайды. Сондықтаноларосындайжарыстарарқылыбірсерігіп, қоғамныңмүшесіретіндесезінеді. Алдағыуақыттаауқымдыойындарболадыдепүміттенеміз.. Бұданбұрындаатлетикаданөткенсайыстаекіншіорындыиеленгенбіз,-дедіШығысҚазақстаноблысынанкелгенЕрікАсанұлы.

«Special Olympics Kazakhstan» Шымкенттеекікүнгежалғасады. Сайыс 8 жәнеоданжоғарыжастағыжасөспірімдергеарналған. Бұлойынжылбойынаөтетінспорттықбағдарлама. Оған 2,25 миллионнанастамспортшықатысып, 170 елде 30 олимпиадалықспорттүрібойыншаспортшыларжергілікті, аймақтық, ұлттықжәнеДүниежүзілікойындардаөзшеберлігінкөрсеткенболатын.

 

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН САРАПТАҒАН ФОРУМ ӨТТІ

Қазіргі заманда әйелдердің қоғамдағы рөлі орасан. Олардың қатарында аналар ғана емес, іскер әйелдер мен басшылық қызметтегі нәзік жандылар да бар. Шымкент қаласында «Әйелдің ел дамуындағы рөлі» атты форумда әйелдердің әлеуметтік, экономикалық және қаржылық әлеуетін көтеру жайы талқыланды. Жиынды «Amanat» партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырып отыр.

Форумда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, Шымкент қаласы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Баян Жандосова және Қостанай қаласынан келген еліміздің ең үздік акушер-гинекологы Гүлнара Қожагелдина баяндама жасады. Жиынды «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева ашып, жүргізді.

–Біздің партия барлық саладағы әйелдердің рөліне ерекше көңіл бөледі. Бүгінде өзім жетекшілік ететін партияның Шымкент қалалық филиалы жанында 11 қоғамдық кеңес құрылып, түрлі салалар бойынша жұмыс жүргізуде. Осы кеңестің құрамында әйелдердің үлесі орасан. Жетекші партияның сайлауалды тізіміне әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізу қажеттігі заңдық тұрғыдан қаралған, - деді өз сөзінде Жанар Әлібекқызы.

Пікіралмасу форматында өткен форумда көпбалалы аналар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Сүйлейменоваға толғандырған бірнеше сұрағын қойып, ұсынысын жеткізді.

–Өзім 5 баланың анасымын. Қаладағы қоғамдық көліктерде тек «Алтын» және «Күміс» алқа иелері ғана ақысыз жүре алады. Ал, біз секілді 4-5 баласы бар аналар үшін де осындай жағдай қаралса екен. Мәселен, Алматы мен Астана қалаларында 5 балалы аналар «көпбалалы аналар» санатына кіреді және көптеген әлеуметтік қолдау жобаларына қатысады. Одан кейінгі мәселе, атаулы әлеуметтік қолдау қаражаты отбасындағы бала санына қарамай берілсе деген ұсынысымыз бар. Қазір әйелдер арасында ота арқылы босанғандар өте көп. Олар тек 4 балаға дейін босана алады. Міне, осындай аналарға да «көпбалалы ана» деген мәртебе берілсе құп болар еді, - деді Айгерім Ерланқызы.

Бұл ұсынысқа Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы:«Жуырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әйелдерді әлеуметтік қолдау бағытында жаңа концепциясын ұсынды. Қазір құжатқа 3-4 баланы дүниеге әкелген аналардың жаңа мәртебесі туралы ұсыныстар енгізіліп жатыр. Ал, қоғамдық көліктерде ақысыз жүру мәселесі жергілікті бюджет есебінен атқарылады», -деген жауабын жеткізді.

Форум барысында, ерекше кәсіпте еңбек еткен әйелдері суретке түсіріп, оларды насихаттап келген «URKER-2022» ұлттық сыйлығы аясындағы Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия иегері Әйгерім Бегімбет өзінің кейіпкерлері жөнінде баяндап берді.

Жиын соңында «Amanat» партиясының қалалық атқарушы хатшысы Ж.Бектаева партия жанынан «Әйелдер қанаты» құрылатынын жеткізді.

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ

Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 1000 қоғамдық көлік бар. Оның ішінде 876 автобус жолаушыларды тасымалдап жүрсе, қалғаны резервте тұрады. Жалпы, шаһарда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 10 көлік компаниясы бар. Олар: «Shymkent-Bus», «T-Bus», «Автоимпульс», «MAN-Оңтүстік», «М и Р и Со», «ТТК», «Радуга транспорт», «Санжар-Моторс», «Абдуганиев» және «Автокомбинат №4».

Қоғамдық көлік саласының қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан өтініш жиі түсіп тұратыны жасырын емес. Осыған байланысты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биылғы сәуір айында бақылау жұмыс тобы құрылған болатын. Тұрғындар мен мамандардан құрылған арнайы топ жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетін, жол ақысын төлеудің заңдылығын, қоғамдық көліктердің тазалығын, автобустардың уақтылы жүруін қадағалайды.

Сонымен қатар, қала ішіндегі бағыттарда жүретін автобустарға қатысты күнделікті рейд жүргізіледі. Соның нәтижесінде жол жүру ережесін бұзудың 442 дерегі анықталып, тиісті шара қолданылды, дейді жауапты мамандар. Осылайша бүгінде қоғамдық көлік саласының қызметіне талап едәуір күшейтілген. Ал бұл, өз кезегінде, қызмет сапасының жақсаруына септігін тигізеді.

Айта кетейік, қалада жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынған. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде. Ал үшінші станцияның салу үшін инвестор анықталып, жер учаске бөлінген. Қазіргі таңда құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Қалады жалпы автобустардың саны резервпен қосқанда 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89 пайызды құрайды. 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық төлем жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің артықшылығы - төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға таптырмас құрал болып саналады.

ШЫМКЕНТ: ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕЛІСІМШАРТЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

 Шымкент қаласында 29 компания үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал мұржалар мен желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар. Олармен тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері енгізіліп, іске қосылды. Осылайша техникалық қызмет көрсетуге келісімшартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар.

Осыған байланысты жауапты мамандар қысқы мезгілде жылыту құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Қала тұрғындарына иіс газынан уланудың алдын алу үшін үйдегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасау қажеттілігі түсіндірілуде.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала әкімінің тапсырмаларына сәйкес тұрғындар арасында газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеді. Жыл басынан бері тұрғындарға 42 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар БАҚ беттерінде видеороликтер, мақалалар жарияланып, арнайы мамандандырылған мекемелердің басшыларының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.

Мұндағы мақсат – жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан туындайтын улану жағдайларын болдырмау.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған. Бұл ретте халықтың улы және табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалардың ықтималдығы жоғары. Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алған.


Осы RSS каналға жазылу