Түркістан облысында 271 мың гектар жер шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеуден өткізілген

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткелерге қарсы күрес пен шаруашылықтарды сақтау мақсатында министрлік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Түркістан облысында этномедиацияны дамытуға арналған семинар-тренинг өткізілді

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық ортада қақтығыс көріністерінен бас тартуға бағытталған әлеуметтік қатынастарды дамыту арқылы медиация институтын дамыту» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг өткізілді.

Түркістан облысы: Кентау қаласында көпқабатты екі тұрған үйдің құрылысы басталды

Түркістан облысындағы аудан, қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда. Кентау қаласында қала тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында 2 үйдің құрылысы басталды. Аталған нысанның құрылысы қаладағы Ш.Уәлиханов көшесінде жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «Сами Строим» ЖШС. Көпқабатты тұрғын үйлер жеке инвестор есебінен салынуда.

Биыл «Серпін-2050» бағдарламасымен 4000 түлек жоғары оқу орындарына түсе алады

2014 жылы іске қосылған «Серпін-2050» бағдарламасы он жыл ішінде талай жастың жоғарғы оқу орнына түсуіне септігін тигізген ауқымды жоба. Биылғы жылы да еліміздің халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерінен солтүстіктегі облыстарға білім аламын деушілерге 4 мың грант бөлініп отыр.

Түркістан облысы: шегірткеге қарсы қосымша өңдеу шаралары нәтиже берді

Түркістан облысы бойынша аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы күрес «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» болжамымен 260 мың гектардан астам алқапқа жүргізілді. Марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша жалпы аумағы 715,18 мың га алқап толық зерттелген. Алайда өңірде зиянкестердің 50 мың гектардан астам таралу учаскелері анықталды. Қосымша өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысында 50-ге жуық медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Халыққа сапалы қызмет көрсету, жайлы жағдай жасауға ден қойылған. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша облыста 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған.

Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу барысы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан жұртшылығымен кездесуде Түркістан қаласына тарихи және рухани елорда мәртебесін беру мәселесін көтерген болатын. Осы бағытта жұмыс жүргізіліп, Түркістан қаласына рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамыту үшін ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Шымкенттіктерге 58 емхана қызмет көрсетеді

Бүгінгі таңда Шымкентте 58 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қызмет көрсетеді. Оның 13-і мемлекеттік медициналық ұйым. Емханаларға тіркелген халық саны 1 228 504 адамды құрайды. Былтыр 800 мыңға жуық пациент емхана қызметіне жүгініп, оларға 8 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілген. Биыл жыл басынан бері  тұрғындар емхана қызметіне 3 жарым мыңға жуық рет жүгінген. 

Жалпы МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын да кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда. 

Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.

Бекіту науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тізіммен https://fms.kz/.../patient/kak-prekripitsa-k-poliklinike/ сайтында танысуға болады. 

Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын емхананы таңдау ұсынылады.

ЭЦҚ болған жағдайда емханаға www.e.gov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тіркелуге болады.  

Тіркеу науқаны-емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес екенін естеріңізге саламыз. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, қаладан бір айдан астам уақытқа кетсе немесе өзі қараған емхана қайта ұйымдастырылса немесе таратылса және т. б. жасауға болады.