Жұма, 17 Мамыр 2024 18:02

Ордабасы ауданы: төрткүлдіктер көтерген 19 мәселенің 8-і шешімін тапқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген. Тапсырмаға сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кестеге сәйкес жыл ішінде тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды.

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Төрткүл ауылдық округінде тұрғындармен есептік кездесу жиыны өтті. Жиынға аудандық мәслихаттың, аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық қоғамдық кеңестің төрағалары, мәслихат депутаттары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен аудан әкімінің орынбасары, салалық бөлім басшылары мен мекемелердің директорлары, қоғам белсенділері қатысты.

Аудан басшысы жиынды алдыңғы кездесуде төрткүлдіктер тарапынан көтерілген мәселелерден бастады. 2023 жылдың аяғында болған кездесуде 19 мәселе көтерілген. Оның 8-і шешімін тапса, қалғандары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, тұрғындар Төрткүл елді мекенінің ішкі көшелеріне жол қауіпсіздік белгілерін қоюды сұраған. Нәтижесінде  15 көше бойына 32 дана жол белгілері орнатылған. Сондай-ақ, Төрткүл ауылындағы Ә.Жұлдызай көшесіне тас төсеу сұралған болатын. Биыл ақпан айында 10,4 млн.теңгеге тас төселді. Одан бөлек, Төрткүл елді мекені, М.Әуезов-Әль-Фараби көшелерінің қиылысына да тас төселді.

Аудан басшысы ауылдық округ бойынша газдандыру, жол салу, абаттандыру, жарықтандыру бағыттарында 2024 жылы және алдағы жылдары нақты қандай жұмыстардың атқарылатындығы туралы толық ақпарат берді. Одан бөлек денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша да қолға алынатын тірліктерге кеңінен тоқталды.

Кездесудің екінші бөлімі сұрақ-жауап форматына ұласып, тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Әрбір сұрақ жауапсыз қалмай, оларға аудан әкімі, сала мамандары жауап берді.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы төрткүлдіктерді Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” акциясына үлес қосуға шақырды. Жиыннан кейін аудан басшысы бірқатар азаматтардың құс, балық және мақта шаруашылықтарымен танысты.

Соңғы жылдары Төрткүл ауыл округінде бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешімін тауып, округтің дамуы қарқын ала бастаған. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде суару маусымында су шығыны 25-35 пайызға дейін кеміп, егістік алқаптар толықтай мерзімінде ағын сумен қамтамасыз етілуде және өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемі арта түскен.

Сондай-ақ, тік дренаждарды іске асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиоративтік жағдайлары жақсарып, жер асты суларының деңгейі төмендеді. Қосымша егістік алқаптар ағын сумен қамтамасыз етіліп, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Төрткүл ауылдық округінде табиғи газ, орталықтандырылған ауыз су мәселесі түбегейлі шешілмек. Жолдар жөнделіп, ескірген жарық жүйелері жаңартылуда. Ауыл орталығында бой көтерген ірі спорттық кешеннің құрылысы аяқталған.

Жалпы, Ордабасы ауданының экономикалық өсім көрсеткіші, ел-халықтың әлеуетін арттыруға арналған жобаларға тоқталар болсақ, 2024 жылы инвестициялық құны 47,2 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба шеңберінде, оның ішінде 5 ірі жоба бар, 608 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Нақтылап айтар болсақ: «De Support» ЖШС-нің көгалдандыру және ПЭТ қалдықтарын өңдеу жобасын жүзеге асырып, 300 азаматты жұмыспен қамту;

«Gen Group Kazakhstan» ЖШС-нің цитрус өнімдерін өсіру жобасын жүзеге асыру. Қуаттылығы жылына 10 000 тонна банан, авокадо өнімдерін алу жобасы аясында 150 тұрғынды жұмысқа орналастыру;

Қуаттылығы бойынша жылына 100 мың текше метр ағаш өңдейтін «BalKausar» ЖШС-нің павлония жеңіл ағаштарын өсіру жобасын жүзеге асырып, 20 азаматты жұмыспен қамту көзделуде.

Сондай-ақ, ауданда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Бөрте милка» ЖШС-нің сүт өңдеу зауытының өндірістік қуаттылығын қосымша тәулігіне 9 тоннаға ұлғайту жоспарлануда. Аталған жоба «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыруға бағытталып, бүгінгі күнге несие комитетінің оң қортындысын алды.

Және де 120 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтамасыз ететін «АДС-Агро» ЖШС-нің 30 мың бас қой, 10 мың бас ірі қара мал бордақылау кешенін салу жобасы да бар. Жоба Халықаралық ауыл шаруашылығы қолдау қоры арқылы қаржыландырылады (2024-2026 жылдарға жоспарланған). Сонымен қатар, күн көзінен баламалы энергия қуатын өндіру жобасы сияқты бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлану үстінде.

Аудан әкімі ауыл тұрғындары арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында Шұбарсу ауыл округінде жылыжай өнімдерінің көлемін арттыру, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санын 2 есе қысқарту мақсатында 15 гектар жер телімі жылыжай кешенін салу үшін бөлініп отырғандығын жеткізді. Қазіргі таңда 100 азамат жер телімдерін алып, кәсіп бастауға өтінім білдіріп отыр.

Одан бөлек, аудан аумағындағы жергілікті тұрғындардың тұрмыстық деңгейін арттыру үшін өңдеу өнеркәсібі саласындағы әртүрлі кіші қуатты цехтарды бір жерге шоғырландырып, арнайы шағын өндірістік аймақ құру бағытында Шұбар аумағынан 10 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылым желілерін жүргізіп беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тағы бір назар аударар жайт, Ордабасы ауданында биыл алюминий профильдерін өндіретін зауыт іске қосылады. Бұл туралы Ордабасы ауданында өткен брифингте аудан әкімі Азат Оралбаев айтты.

– «Бадам» индустриалды аймағында инвестициялық құны 21 миллиард 234 миллион теңге құрайтын 439 жұмыс орны бар 6 кәсіпорын орналасқан. Жыл соңына дейін 2 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның бірі — «Gold Aluminum» ЖШС – алюминий профильдерін өндіру жобасы. Инвестициялық құны 3 миллиард теңгені құрайтын бұл жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталу үстінде. Кәсіпорын жыл соңына дейін 100 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады. Сондай-ақ, «RZN» ЖШС — автоклавталған газоблок бұйымдарын өндіру жобасы. Биыл желтоқсан айында 25 жұмыс орнымен іске қосылады. Бұл жобаның инвестициялық құны — 1,5 миллиард теңге. Сондай-ақ, инвестициялық құны 400 миллион теңгені құрайтын тағы 2 жобаның құжаттары рәсімделуде, — деді Азат Әбдіғалиұлы.

Ауданда бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарды және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға биыл 9 айда 28 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бүгінгі таңда инвестициялық құны 10 миллиард теңгені құрайтын 9 жоба 302 жұмыс орнымен іске асырылуда. Жалпы, бюджеттік инвестициялардың үлесі — 21,4%, жеке инвестициялардың үлесі 78,6%-ды құрап отыр.

Одан бөлек, ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылы 102,2 миллиард теңгені құраған. Оның 59%-ы — ауыл шаруашылығына, 24,8%-ы — өнеркәсіпке, 8,5%-ы — саудаға, 7,7%-ы құрылысқа тиесілі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында 55,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.Айта кетейік, ауданда 57 елді мекеннің 51-і сапалы ауыз сумен, 9-ы табиғи газбен және толықтай орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.

 Халықпен кездесулерде көтерілген негізгі өзекті мәселелер – инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты. Ауданда 57 елді мекеннің сапалы ауыз сумен 54-і қамтылған. Тұрғындар санымен адам (мың адам) қамтылып, бұл көрсеткіш  пайызды құрап отыр. Ауданда 3 елді мекен ауыз сумен қамтылмаған (Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ). Бүгінгі таңда 5 елді мекенде, олар Шұбарсу, Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық ауылдарына ауыз су жүйесін қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.  Шұбарсу елді мекеніне жыл қорытындысымен беру жоспарлануда. Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ елді мекеніндерін ауыз сумен қамту мақсатында, аудандық бюджеттен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 12 млн.теңге қаралды. Құрылысын 2024 жылы қаржыландыру үшін тиісті жұмыстар атқарылады. 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.

Қазіргі уақытта табиғи газбен 57 елді мекеннің 9-ы қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайызды құрап отыр.

Аудан бойынша 25 елді мекеннің (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батыр ата, Ынталы, Аманкелді, Бөген, Еңбекші, Елшібек батыр, Қызылжар, Көкарал, Спатаев, Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Төрткөл, Қарақұм) газ жүйесінің құрылыстарына биыл 3,8 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батыр ата, Ынталы, Аманкелді, Елшібек батыр, Спатаев, Қызылжар, Төрткөл,Қарақұм) газға қосылады  Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайыздан 46,8 пайызға артады. 8 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Бөген, Еңбекші, Көкарал) құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, 15 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (Жеңіс, Арыстанды, Ақсары, Жайылма, Көктөбе, Мәдениет, Жұлдыз, Жаңатұрмыс, Сарыарық, Жусансай, Кемер, Ынтымақ газ құрылысы, сондай-ақ Шұбарсу, Көкарал елді мекендерге жеткізуші газ құбыры). Аудан аумағында 1 398 шақырымды (республикалық маңызы бар-73,3, облыстық маңызы бар-242,8, аудандық маңызы бар-93,6, ішкі көшелер-988,3 шақырым) құрайтын жолдар бар. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бюджеттен 813,9 млн. теңге бөлініп, 13 елді мекендегі (Еңбекші, Спатаев, Қызылжар, Бейсен, Мақташы, Теспе, Жамбыл, Бөген, Бірлік, Берген, Ынталы, Тоқсансай, Береке) 26 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, аудандық бюджеттен 873 млн. теңге қарастырылып, 14 елді мекендегі 23 көшеге орта жөндеу жөндеу жүргізілуде. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 55,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының көлемі млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға өсті.  Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Сергек» жобасы іске асырылуда. Биыл ауданның бюджет көлемі 19 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістердің 21,9% құрап отыр. Ағымдағы шығындарға, даму бюджетіне бағытталды.

Жыл басынан бері облыста экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштер 2 пайызға өскен. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан оң серпінді сақтап отыр. Тарқатып айтсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 519 млрд. теңгеден асып, 4,5 пайызға артты. Өсім негізінен өңдеу өнеркәсібі (231,1 млрд.теңге немесе 106,8%), электр энергиясын өндіру (39 млрд. теңге немесе 33,3%-ға), суды жинау, өңдеу және таратудың (5,7 млрд. теңге немесе 100,4%) есебінен қалыптасты.

Бірыңғай индустрияландыру картасына Түркістан облысы бойынша 437 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілді. Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылмақ. Нәтижесінде 3 мың 305 жаңа жұмыс орны құрылады. Өңірде құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын, 100 жаңа жұмыс орны бар «ZHANASSYL» ЖШС мақта талшығын өңдеу зауыты жүзеге асты. Бүгінгі таңда өңдеу өнеркәсібінде инвестиция сомасы 6 млрд. теңгеге 272 жұмыс орнын қамтитын 12 жоба іске асырылды. Жыл соңына дейін тағы 26 млрд. теңгеге 20 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда (6 жоба іске асырылды, 5,4 млрд. теңге, 215 жұмыс орны). Нәтижесінде 540 жаңа жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ, бүгінде Түркістан облысының даму стратегиясы дайындалып жатыр. Яғни, Түркістан облысының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі.

Бұл мақсатта ауқымды зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Құжатты дайындау үш кезеңнен тұрады. Жоба жұмысына бір топ сарапшылар атсалысып жатыр. Маңызды құжатты дайындауда өңір дамуындағы проблемаларды ескере отырып, дамыған елдер тәжірибелері де ескерілуде. Аталған құжатта 8 негізгі стратегиялық бағыт айқындалып, сол бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды.

Жоба теңгерімді аумақтық даму, адами капиталдың сапасын арттыру, халыққа қолжетімді инфрақұрылым, халықтың табысын арттыру, тұрақты экономикалық өсу секілді стратегияны іске асыру алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, басымдықтарды дамытуға және өңір тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басты стратегиялық мақсат ретінде алдағы жылдарға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру саналады. Дамудың басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласы.Халықтың табысын арттыру – басты назарда. Аймақ басшысы экономиканы әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібіне басымдық берудің маңыздылығын айтты. Тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Өңірді дамытудың әр сатысына арналған жоспар нақты көрсетілмек. Батыл қадам жасау арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатыны белгілі жайт. Халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрақты жұмыспен қамту – басты назарда болмақ. Бұл – әр аудан, қала әкімінің міндеті. Негізгі мақсаттар бір құжатта нақты көрсетіліп, бекітіледі. Соның аясында жұмыс істеп, күш салынбақ. Бұл құжат өңірдің 7 жылдық даму жоспары ретінде қызмет етіп, индикаторлар орындалуы қадағаланады. Құжатқа қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен ұлттық жобаларына енгізілген барлық іс-шараны көздейтін кеңейтілген даму бағдарламасы енеді.

2023 жылғы  Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 11,4 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы қаңтар деңгейіне 98,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 6 млн. АҚШ долларын немесе 171,1%, импорт – 5,4 млн. АҚШ долларын немесе 66,6% құрады. Сонымен қатар, өңір ауылшаруашылық өнімдерінің ең ірі жеткізушісі болып табылады. Облыстың үлкен артықшылығы — тез дамып келе жатқан және халқы тығыз орналасқан Өзбекстанмен көршілес. Тиісті инфрақұрылымды дамыту кезінде  шекара маңы ынтымақтастықтың ірі орталығына айналуы мүмкіндігі жоғары.  Өнеркәсіпті дамытудың перспективалы бағыттары тау-кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнімдерін өндіру, құрылыс материалдарын өндіру екені белгілі. Тау-кен өнеркәсібінің дамуы өнеркәсіптік айналымға перспективалы барит кендерін, мыс пен кенді емес пайдалы қазбаларды тартумен байланысты болады. экономикасының негізгі құраушы көзі  ауыл шаруашылығы (18,2%), өнеркәсіп (18,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,1%), құрылыс (9,2%), көлік және қоймалау (9,0%) болып табылады.

Сондай-ақ, Түркістан  облысында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің көрсетілетін қызметтерінің жалпы шығарылымы 74956,5 млн. теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8% артты. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 135611,2 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті деңгейінен 7,6% артты. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1% төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 57,2%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі 48,1% артты. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының  көлемі 14972,1 млн. теңгені құрап отыр.

Түркістанның жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 196031 бірлікті немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 134,8% құрады. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 47044,4 млн. теңге болып, 2022 жылдың тиісті деңгейіне 146% құрады. Сонымен қатар, ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 39,4 % өсті.  Облыс экономикасын дамыту үшін өнеркәсіпті дамытуға жағдай жасалуы тиіс. Облыста 9 индустриалды аймаққа талдау жүргізіліп, олардың нашарлағаны немесе мүлдем жұмыс істемейтіні анықталды. Осыған дейін, тоғыз жұмыс істемейтін аймақтың орнына машина құрастыру, азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы секілді бағытта белсенді серпін беретін 3 индустриалды аймаққа күш салу керектігі айтылған болатын. Олар: Кентау, Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданы еді.

Бүгінгі таңда Түркістан бойынша кәсіпорынның 2023 жылғы  статистистикасы: 17000 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 15391 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 16370, орта заңды тұлғалар (101 ден 250 адамға дейін) – 525, ірі заңды тұлғалар (250 адамнан жоғары) – 105, оның ішінде жұмыс істейтіндер — тиісінше – 14761, 525 және 105 бірлік.  Айта кететіні қызметкерлерге берілетін айлық көрсеткіші орта есеппен 240720 теңгені құрап отыр. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 97,2% құрады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркістан облысы жылыжай шаруашылықтарын  дамытуда алдыңғы қатарда келеді. Жалпы республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы облыстың үлесінде және оның жалпы аумағы 1569 гектарды құрайды.

 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 112 рет