Шымкент: 218 науқас коронавирустан емделіп шықты

25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 606 азамат тіркеліп, оның ішінде 218 науқас емделіп шықты. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Шымкент: Биыл шаһарға 1500-ге жуық қоқыс жәшігі алынады

«Шымкентте жеке тұрғын үйлер аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылатын болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Нұрлан Жаманкөз мәлім етті», - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. 

Шымкенттік медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғы тарту етілді

Шымкентте коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғы тарту етілді. Сыйлықтарды ақ халаттыларға «ZEPTER International» компаниясының қызметкерлері жеткізіп берді. Бұл жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Шымкент: Тұрғындардың 87 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қаралды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі М.Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Бекбауова баяндады. Бұл туралықала әкімінің баспасөз қызметіхабарлады. 

Шымкентте 2700-ден аса дәрігер алдыңғы шепте коронавируспен күресіп жатыр

Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте 26 емдеу мекемесінде жалпы 2764 медицина қызметкері жұмыс істейді. Білікті мамандардан жасақталған дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасы, карантиндік стационарлар, жедел жәрдем станциясы, емханалар мен зертханалық орталықтарда тынымсыз еңбек етуде. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Шымкент: Коммуналдық төлемге өтінім білдіргендер саны 30 мыңнан асты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. 

Шымкентте кәсіпкрлікті қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жобасы бекітілді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен шағын және орта бизнес субъектілерін дағдарыс жағдайында қолдау мәселелері бойынша жиын болып өтті. Мәжіліске аудан әкімдері, тиісті салалық басқармалар мен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Shymkent» ӘКК қатысты.

Шымкенттегі спорт кешендерінде санитарлық талап қатаң бақылауда

Шымкентте спорттық кешендерде санитарлық талаптың сақталуы қатаң бақылауда. Қазіргі таңда, «Қажымұқан» Орталық стадионында, «Металлург» стадионында, ескек есу су базасында, жеңіл атлетикалық манежде, «Орталық-су» кешенінде және Көркем гимнастика, «Тұмар», «Сұңқар», Садақ ату спорт кешендерінде оқу- жаттығулары өткізілуде.