Шымкенттің Қайтпас-1 шағынауданына электр желісі тартылады

Шымкент қаласының Нұрсәт шағынауданындағы көп қабатты №18, 19 үйлердің қасбеті сын көтермейді. 2016 жылы салынған үйлердің қабырғаларының сылағы көшіп, жауын-шашынға шыдас бермей, түсе бастаған. Осы мәселені талайдан бері қозғап жүрген тұрғындармен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кездесіп, шағымдарын тыңдады.

Шымкент: коммуналдық төлем бойынша 7255 азаматтың өтінімі мақұлданған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналды қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Шымкент: Абай ауданының 5 тұрғын алабында магистралды су жүйесінің құрылысы жүруде

Алдағы үш жылда Шымент қаласында жол мәселесі толық шешімін тауып, биыл қала шетіндегі топырақ жолдарға шағал тас төселеді. Бүгін Абай ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті халықпен жүздескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

Шымкент: 21864 отбасы «Birgemiz» қорынан 50 теңге алған

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылып, Республика бойынша көмекке аса мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден үлестіріліп жатқаны баршаға белгілі. Осы көмекке Шымкент қаласы бойынша 21 864 отбасы қол жеткізгенін айта кетейік.

Шымкент: кәсіпорындардан өтініш 30 сәуірге дейін қабылданады

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов 2020 жылғы 1 мамырдан бастап қалада кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталатынын атап өтті.

Шымкент: онлайн төлем – қауіпсіздік амалы

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап төтенше жағдай штабының экономикалық-әлеуметтік маңыздылығы бар деп таныған бірнеше қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпорындардың жұмысы қайта басталады.

Шымкенттіктер ТЖ кезінде 200-ден астам көлікті онлайн тіркеді

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200-ден астам автокөлікті тіркеді. Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен авто ХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталында ала алады.