Түркістан: 5 науқас індеттен айықты

1 мамырдағы ақпарат бойынша Түркістан облысында 5  азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті,-деп хабарлайды  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының әкімі Абай ауданындағы құрылыспен танысты

Алдағы үш жылда Шымент қаласында жол мәселесі толық шешімін тауып, биыл қала шетіндегі топырақ жолдарға шағал тас төселеді. Бүгін Абай ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті халықпен жүздескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

Шымкент қаласының әкімі кәсіпкерлерге несие беруді жеңілдетуді қарастырды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс барында «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен кездесу өткізді. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің қызметімен танысқан қала басшысы кәсіпкерлерге несие беруді оңтайландыру барысын саралады.

Шымкентте 1 мамырдан бастап бірқатар кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастайды

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті.

Шымкент: қала әкімі Әл-фараби ауданындағы 100 балалар алаңшасының құрылысымен танысты

Аудан аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының құрылысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов сапаға айрықша мән беруді тапсырды. Мердігер компанияның өкілдеріне тұрғындардың үйінде отырған сәтін ұтымды пайдаланып, құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды жүктеді.

Осыған орай, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында биыл аудан бойынша 100 балалар алаңшасы салынуда. Қалғанының құжаттары қаралуда. Бұған қоса спорт алаңшалары да жөнделмек. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, ауданда 15 гүлзар мен аллея салу жұмысы да қарқынды жүріп жатыр. Сапар барысында қала әкімі А.Асқаров көшесіндегі 9-үйдің қазіргі ахуалымен танысты. Тұрғындар өтінішіне құлақ асқан Мұрат Әйтенов сараптама жүргізіп, қажеттілік болса, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жауаптыларға жүктеді.

«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы бүгін орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. Жалпы бұл орам қала құрамына енген 41 елді мекеннің бірі. – Қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл – қомақты қаражат. Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет, деген қала басшысы жауаптыларға нақты міндеттер жүктеп, Шымкент қаласының құрамына енген 41 елді мекеннің инфрақұрылым мәселесі қайта қаралатынын айтты.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

1 маусымнан бастап Шымкенттің қоғамдық көліктері электрондық төлем жүйесіне көшетін болды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді.