Шымкент: «Сәуледегі» 276-орамға жол төселеді
«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы бүгін орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы бүгін орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
Шымкент қалаласының әкімі Мұрат Әйтенов қашықтан мәжіліс өткізді. Жиында қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс қарқыны мен инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік төлемдермен карантин режімін қатаң сақтау жайы сөз болды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қосымша карантиндік төсек орындардың дайындығымен танысты.
Елімізде төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Шымкент қаласында 200-ден астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айрылу төлемін, ал 700-ге жуық отбасы бала тууға және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеді.
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 19 сәуірден бастап Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. - Өйткені автобустар тікелей індеттің таралу ошағы болуы әбден мүмкін. Оған қоса сарапшылардың пікірі де ескерілді. Сондықтан осындай қадамға амалсыздан бардық, - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов брифингте.
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ құрылған. Олар жергілікті билік бекіткен 9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің бағасын тұрақты ұстап тұруын бақылайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты.
Шымкент қаласында 19 сәуір күні тағы бір адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Дертінен сауыққан азаматша - Шымкент қаласының 1996 жылғы тұрғыны.
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға тыйым салынған. Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес, бұл әрекеттер мемлекеттік қызметке нұқсан келтіреді. Сыйлық беру мен алу жауапкершілігі сондай-ақ, елдегі төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеу режимі туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері тікелей эфирде брифинг өткізді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Ұлттық жол сапасы орталығы» бірлесіп республикалық «Сапалы жол - адалдық алаңы» жобасын жемісті жүзеге асырып отыр. Оған дәлел мамандар құрылысы қызған алаңға барып, барлық тексеруді жүргізеді. Сапасына үңіліп, майшаммен қарайды. Кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті орынға хат жолдап дереу түзетуін талап етеді. Стандартқа сәйкестендірілмесе біткен жол қабылдаудан өтпейді. Осы орайда Шымкент қаласының жауапты топ мүшелері Тұран шағынауданындағы құрылысы қызған алаңға арнайы барды.
Шымкенттегі барлық дүкен иелері аса қажетті деген 9 түрлі тауардың шектік бағасын қолдан өсірмеуі қажет. Бұл Шымкент қаласы әкімінің өкімі. Бүгіннен бастап, салалық мекемелер оларға рейд жүргізіп, заң талаптарын орындамағандарға 100 айлық есептік көрсеткіштен басталатын айыппұл төлететін болады.