Түркістанда электр желісінің қуатын арттыру мақсатында қосалқы станция салынуда

Түркістан қаласында электр желісінің қуатын арттыру мақсатында Отырар ықшамауданында қуаты 2х40 МВт болатын 110/10/10 кВ «Яссы» қосалқы сатнциясы салынуда,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қайырымдылық жасады

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Елбасының бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясына қолдау көрсетті. Халық қалаулылары коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында қаладағы тұрмысы төмен 160 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Түркістан: Шардарада иррегациялық дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы жүзеге асуда

Түркістан облысы Шардара ауданында "Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру-2" республикалық бағдарламасы аясында 20630 гектар суармалы егістік алқаптарындағы ағын су нысандарын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан: Түлкібас ауданында мамыр айында 120 пәтер пайдалануға беріледі

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында үй кезегінде тұрған тұрғындарды баспанамен қамту ісі жыл санап жанданып келеді. Соның айғағы ретінде ауданда алдағы мамыр айының аяғында 120 пәтерлі көпбатты 3 тұрғын үй ел игілігіне берілмек.

Түркістан: Шардаралықтар биыл 18 мың гектарға мақта дәнін себеді

Бүгінгі таңда Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстары барысында 59 мың 300 гектар суармалы жер игерілуде. Оның 1 мың гектарын күздік бидай, 1500-ін арпа, – 1500-ін күріш, 3000-ын дәндік жүгері, – 500-ін маш, 100 гектарын күнбағыс, 18000 гектарын мақта, 14742 гектарын ескі жоңышқа, 4098-ін жаңа жоңышқа, 3300-ін сүрлемдік жүгері, 250 гектарын картоп, 600-іне көкөніс, 10710 гектарына бақша дақылдарын егу жоспарлануда.

Түркістан: 9 науқас індеттен айықты

30 сәуірдегі ақпарат бойынша Түркістан облысында 9 азамат коронавирус инфекциясынан жазылған. Облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны – 38,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.