Түркістан: Созақ ауылында дезинфекция жұмыстары жүргізілді

Аудан әкімі Салыхан Полатовтың тапсырмасына сәйкес коронавирус індетіне қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі Салыхан Полатовтың тапсырмасына сәйкес коронавирус індетіне қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы Келес ауданындасу жиналатын көше бойларына суағарлар салынады. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте ауданымыздан шыққан жомарт кәсіпкерлер Ғабит Қапалбаев пен Бақытбек Нақыпбеков #BizBirgemiz акциясын барынша қолдап, өз жерлестерімен бірге екендіктерін көрсетіп, аудандағы әр ауылдық округтегі елді мекендерде тұратын атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен өмірлік қиын жағдайдағы 300 отбасыға азық-түлік таратты.

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Елімізде қауіпті індетке байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде Төлеби ауданындағы тұрмысы төмен отбасылар назардан тыс қалып жатқан жоқ. Ауданға қарасты ауылдық округтерден әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар мен отбасы мүшелерінің тізімі жасақталып, оларға кәсіпкерлер тарапынан түрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді.

Шардара ауданы әкімінің орынбасары Ағатай Тәженов және аудандық ауыршаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов: Достық, Ақалтын, Сүткент, Қызылқұм және Алатау батыр ауылдық округтерінде болды. Көктемгі дала жұмыстарының басталуына байланысты жергілікті шаруалармен кездесті.

Түркістанда қашықтықтан оқыту бойынша call орталық қарастырылған. Осы уақытқа дейін 20 қоңырау шалынып, 6 отбасына өз өтініштері бойынша мектептен уақытша компьютер берілді. 3 жанұя демеушілер тарапынан интернет трафигіне қосылды.Жалпы, қашықтықтан оқыту бойынша 312 мұғалімге және 452 оқушыға уақытша пайдалануға мектептен компьютер берілді.

Рашид Абатұлы шаһардағы жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегінде анықталған келеңсіздіктерді қатаң сынға алды. Тұрғындарға қолайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстардың сапасына көңілі толмаған қала әкімі, жауапты азаматтардың жылдам қалпына келтіруін ескертті.
Аз қамтылған отбасыларды қолдау және ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында Келес ауданы орталығы Абай ауылындағы «ӘУЕС» ЖШС-інің базары маңынан «Әлеуметтік дүкен» ашылып, 1 қап ұн бағасы 6500 теңгеден, 1 келі картоп 80 теңгеден және пияз 95 теңгеден сатылуда.

Түркістан облысында соңғы мәліметке сәйкес коронавирус дертін жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Өңірде ең алғашқы коронавирус дерегі 31 наурызда тіркелген. Түркістан облысы Жетісай ауданының 1971 ж. тұрғыны 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Ол 28 адаммен жақын байланыста болып, вирус таратқан.