Түркістан: Сайрам ауданында жыл басынан бері 700 тонна ет экспортталды

Түркістан облысының Сайрам ауданы ет өндіруде еліміз бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі саналады. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы мал өсіріп,ет өнімін өндіретін шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан жоқ.

Түркістан: Сарыағашта ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты ұлғаюда

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының дихандары көршілес елдерге және еліміздің бірнеше өңірлеріне бүгінгі таңға 866 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтіп үлгерген,-деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістандық еріктілер бірқатар жобаларға атсалысуда

Елдегі төтенше жағдайға орай, түркістандық  еріктілер бірқатар жобаларға атсалысуда. «Жастар ресурстық орталығы» көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан жүзеге асыруда. Жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтықтан оқуға дағды қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды.

Түркістан: Төтенше жағдай кезінде 4,5 мыңнан астам азаматтың зейнетақысы үйлеріне жеткізілді

Түркістан облысында 4525 зейнеткердің зейнетақысы үйлеріне жеткізілді. Оның 2361-і Түркістан қаласына тиесілі. Бұл төтенше жағдай кезінде мекеме ғимараттарына адамдардың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында қолға алынған шара.

Шымкент: блок-бекеттерде рұқсаты жоқ 6090 автокөлік кері қайтарылған

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қаласында короновирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Осыған орай қалада 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы бейнебақылау камералары және дрондармен қамтылған.