Шымкент: банктердің қызметі электронды төлем жүйесі арқылы жүргізіледі

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Брифингте «Халық банкі» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова, «Банк Хоум Кредиттің» Шымкент қалалық филиалының директоры Ахатай Тілеукеев төтенше жағдай кезіндегі банк қызметтері мен банкоматтардың жұмысы туралы баяндады.

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 20 тұлға әкімшілік қамауға алынды

Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 596 тұлғаға Қазақстан республикасының Әкімшілік кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Түркістан: «BIZ BIRGEMIZ» акциясы Қазығұртта жалғасты

Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округінің, Заңғар, Сырлысай, Қақпақ елді мекендерін қамти отырып, жалпы саны 25 мұқтаж отбасыға, 400 мың теңгенің көлемінде азық-түлік түрінде бір реттік көмек көрсетілді.

Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға көмек көрсетіледі

Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде әйелдер отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. БҰҰ мәліметтері бойынша, көптеген мемлекеттерде коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары еңгізілгеннен кейін үйдегі зорлық-зомбылықтың көбеюі байқалуда, деп жазды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарламада.

Түркістан: Сайрам дәріханаларында санитарлық талаптар сақталған

Түркістан облысы Сайрам аудан әкімі Уласбек Садибеков орталықтағы "Сайрам" базары мен "Әділ" сауда үйін аралады. Ондағы мақсат - сауда-саттық барысында санитарлық талаптардың сақталуы мен азық-түлік бағаларының шектік бағадан аспауына көз жеткізу.