Түркістан: Мақтааралдық кәсіпкер ауруханаға тыныс алу аппаратын алып берді

Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда. Бүгін жергілікті кәсіпкер, "Астана Строй-Проект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аташов Данияр Серікбайұлы аудандық "Мырзакент" ауруханасына жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған 2 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді.

Түркістан: Төлеби ауданында 70 отбасыға көмек көрсетілді

Түркістан облысы Төлеби ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр. Елім деген жанашыр азаматтар аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға түрлі көмектер көрсетуде. Солардың бірі –«Бейбарс и К» ЖШС мен Қуаныш Ешенқұлов жеке қоры Ленгір қаласы мен ауылдық округтерде тұратын 30 отбасыға «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 20 мың теңге көлемінде қаржылай көмек үлестірді.

Түркістан: 1973 медицина қызметкері қосымша ақы алды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржы операторы. Жақында Үкімет тарапынан Covid-19 короновирусымен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берілген болатын. Осыған орай, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевпен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берді.

Түркістан: Арыс қаласында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Арыс қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қала көшелерін залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Бүгін дезинфекция мамандары карантинге оқшауланған «Наурыз» тұрғын ауданында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында 221 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың І тоқсанында жалпы соммасы 221 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізді.

«BIRGEMIZ»: Түркістан қаласында 5 мыңға жуық отбасыға 50 мың теңге аударылды

Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылып, жұмыс атқарып жатыр. Қорға еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдірді.

Түркістан: Қылмыстар саны 18,2 %-ға азайды

Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қарқынды жұмыс атқаруы нәтижесінде өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда биылғы жылы орын алған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайды. Нақтырақ айтсақ, қоғамдық орында жасалған құқықбұзушылықтар 25,7 пайызға, көшелерде жасалатын қылмыстар 26,2 пайызға төмендеген.

Түркістан: 25 мыңнан астам балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркістан облысы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік көмекпен (АӘК) қоса кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) берілуде.

Түркістан: Қызметтерді цифрландыру қарқынды жүзеге асуда

ҚР Президентінің барлық қызметтерді цифрландыру жөніндегі тапсырмасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Барлық ұйымдарда POS-терминалдар орнатылып, азаматтардың өздеріне қызмет көрсету мүмкіндігі кеңейген.