Шымкент: Мүгедектікті белгілеу медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне бармай-ақ жүзеге асырылады

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының м.у.а. Төрехан Дәуітов мәлім етті. 

Шымкент: Полицейлердің заң бұзушылығы туралы сенім телефонына және «Whatsappқа» хабарласуға болады

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 8 (7252) 21-43-23 сенім телефоны жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекет жайттары туралы хабарлай алады. Сондай-ақ "WhatsApp" мессенджерінде мына телефон арқылы жүгінуге болады: 8-702-371-55-66. 

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба басталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жаңа ақпараттық ағында іске асыру халықпен кедергісіз байланыс құру үшін инновациялық тәсілдің қажеттілігін көрсетеді. 

Түркістан: Төлеби ауданында халыққа үзіліссіз қызмет көрсетілуде

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев пен аудан прокуроры Бақыт Сейфолла ауданда орналасқан пошта мекемелерінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан: Қаладағы қураған ағаштарды жасарту және суару жұмыстары жанданады

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы бүгінгі жұмыс күнін қаланы аралаумен бастады. Алдымен, Б. Саттарханов даңғылы бойындағы желілік парк жұмыстарын бақылап, екі жақ бөлігін ретке келтіру қажеттігін және аталған даңғылдың әлі де жөндеу жұмыстары аяқталмағанына сын айтты.

Шымкент: Сall-орталық 8707 қоңырауға жауап берді

Төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарының сауалдарына тұщымды жауап беру мақсатында қала басшылығының шешімімен арнайы Сall-орталық жұмысын бастаған болатын. 39-50-55 нөміріне тіркелген 9 телефонда күнделікті отыратын мамандар 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында азаматтардан түскен 8707 қоңырауды тіркеп, сауалдарға жауап берді.