Түркістан: Жетісай ауданында залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Әлем елдеріне қауіп төндіріп отырған Сovid19 пандемиясы Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданын да айналып өтпегені рас. Қазіргі таңда індеттің таралуына байланысты елде карантин жарияланып, сақтық шаралары максималды түрде күшейтілді. Барлық жерлерде жауапты мамандардан арнайы штабтар құрылып, атқарылар жұмыстардың жоспары пысықталуда.

Түркістанның теміржол вокзалы уақытша жабылды

Бүгін әскерилер рухани шаһарды залалсыздандыру жұмыстарына кірісті. Бұған жұмылдырылған 40 әскери қызметші алдымен теміржол вокзалы аумағын залалсыздандырды. Дизенфекцияланған вокзалдың есігі келушілер үшін енді уақытша жабылмақ.

Түркістан: Кентау қаласының әкімі құрылыс жұмыстары мен жолдардың жөнделу барысымен танысты

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қаладағы құрылысы қарқын алған жұмыстардың барысын аралап, елдегі төтенше жағдайға қатысты талаптар мен сақтық шараларының қатаң сақталуын тексерді. Жолдардың жөнделу барысымен танысып, жұмысшылармен кездесті.

Түркістан облысында қашықтықтан оқыту телеарналар арқылы жүзеге асырылады

 

Түркістан облысында шалғай ауылдарда ғаламтор желісі сапасының тиісті деңгейде болмауына байланысты онлайн оқыту жүйесі алынып тасталды. Осыған байланысты қашықтықтан білім беру процесі «Балапан», «Еларна», «Оңтүстік» телеарналары, «Қазақрадиосы» және «Қазпошта» АҚ-ның көмегі арқылы жүзеге асырылады.

Түркістан: Жетісайлық кәсіпкерлер 100 отбасыға жалпы құны 2 млн. 160 теңгенің азық-түлігіне таратты

Түркістан облысы Жетісай ауданында карантин жарияланып, блок-бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде. Жергілікті халық арасында үрей де жоқ емес. Осындай қиын жағдайда аудандағы тұрмысы төмен отбасылар да назардан тыс қалып жатқан жоқ.