Түркістан: Жетісайда қайырымдылық шаралары жалғасуда

«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавирусқа қарсы күресті күшейту, тұрғындарға әлеуметтік қолдау білдіру мақсатында Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясы жарияланған болатын.

Түркістан: Шардаралық әйел күмістен әшекей бұйымдар жасайды

Тарихи зергерлік бұйымдарды жинауды сүйікті ісіне айналдырған шардаралық Толды Қожаниязова 62 жаста. 1958 жылы Түркіменстан Республикасының Маары ауданында дүниеге келген. Шардара топырағына тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қоныс аударып, бүгінде жұбайы Бақытжан Қожаниязов екеуі 5 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратында коронавирусқа қарсы дезинфекция жұмыстары күшейтілді

Қазіргі таңда әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індеті көптеген елдерде өршіп, біздің елімізде де таралуда. Аталмыш дертті жұқтырған адам саны да, күннен-күнге артуда. Осыған сәйкес елімізде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қаулысымен төтенше жағдай енгізілген болатын. Полицейлер мен медицина мамандары күшейтілген режимде қызмет атқарып, тәулік бойы блок-посттарда жұмыс жасауда.

Түркістан: Қазпошта зейнетақыны картаға рәсімдеп, үйіңізге жеткізеді

Түркістан облысының тұрғындары арасында шот арқылы төлемақылар алып жүрген үлкен қарт кісілер болса, біз қоғам картасын рәсімдеп, мекен-жайға жеткіземіз. Басты мақсат – қызметкерлер мен тұтынушылар саулығы! Бұл туралы Қазпошта АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Бақытжан Ысқақ мәлімдеді.