Түркістан: Мақтааралда шағын цех тігіншілері күніне 4 мыңнан астам бетперде тігуде

Елімізде Төтенше жағдай орын алғалы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасымен және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен ауданда 7 тігін шеберханасы іске қосылған. Осы шеберханаларда жұмыс істейтін 100-ге жуық тігіншілер күніне 4 мыңнан астам бетперде тігіп, нарыққа шығарып жатыр.







