Түркістан: Сарыағашта бекеттердегі тексеру жұмыстары күшейтілді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында коронавирус дертінің алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы штаб құрылған болатын. Штаб мүшелері аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен өткен жиында бас қосты.







