Шымкент: Медицина қызметкерлері дертпен қаймықпай күресіп жатыр

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын бар. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты. 

Шымкент: Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем төленеді

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Өтебаева айтты. 

Шымкенттік компаниялар карантинге жабылған тұрғындарға азық-түлік таратты

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінің тұрғындарына жергілікті компаниялар жан-жақты қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жатыр.Бұл жөнінде Шымкент қаласыныңтөтенше жағдай бойынша штабы хабарлады. 

Түркістан: Халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік пакетімен қамту тетігі іске қосылды

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияcы отырысында берген тапсырмасына сәйкес, республика бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, қажетті заттармен келесі санаттағы азаматтар қамтылады.

Шымкент: Блок-бекеттерді қала әкімі аралады

Шектеу шаралары күшейген үшінші қала – Шымкент. Қаланың кіріп-шығатын барлық жолдарына блок-бекеттер қойылып, тәртіп бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Кешкі 21:00-де посттар жабылап, ешкім кіргізілмейді және жан баласы қаладан сыртқа аяқ басып шыға алмайды. Бұл – әуелі мегаполис тұрғындарының денсаулығына жасалып отырған жағдай. Аты жаман індеттің алдыналып, онымен күресудің де бірден-бір жолы – осы. 

Түркістан: Ерікті ұстаздар 90 мыңнан астам бетперде тігіп таратты

 Түркістан облысында ұстаздар қолдан 91 878 медициналық бетперде тігіп шықты. Бетперделер өңіріміздегі ауыл, қала тұрғындарына, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, дәріханаларға және мектеп қызметкерлері мен оқушыларға тегін таратылды.

Шымкент: 287 кәсіпкерге айыппұл салынды

Төтенше жағдай режимін бұзған 287 кәсіпкерге айыппұл салынды. Санитарлық талаптарды орындамағандардың дені – мейрамхана мен дәмхана кәсібін игергендер. Қаулы күшіне енген күннен бастап рейдтік жұмыстар қарқын алғанда шаһарда біршама тексерістер жүріп жатыр. Нәтижесі де жаман емес. Тәртіпке бас иген тұрғындар коронавирустың таралмауын қалайды. 

Шымкент: Коронавирустың алдын алу жұмыстарына қала бюджетінен 230 млн. теңге жұмсалды

Әлемді жайлаған індет өз қауіптілігін жоймай тұр. Осы мақсатта Шымкент қаласында сақтық шаралары күшейтілді. Коронавирустың алдын алу жұмыстарына қала бюджетінен 230 млн. теңге жұмсалып отыр. Бұл сома әрі қарай артуы мүмкін.