Шымкентте күніне 100 мыңнан астам медициналық бетперде тігіледі

Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылды. Аталған бетперделердің артықшылығы көп рет қолдануға жарайды. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді. 

Шымкентте залалсыздандыру жұмыстарына демеушілер де атсалысып жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан 672 көпқабатты үй, 2 244 кіреберіс пен 400 ойын алаңында дезинфекция жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді. 

Шымкент: Карантин жарияланған елді мекенде медицина мамандары тәулік бойы қызметте жүр

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған "Тәуелсіздікке 20 жыл" тұрғын алабындағы тұрғындар медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.  Мұндағы санитарлық бекеттегі жедел жәрдем және емхана қызметкерлері медициналық көмекті қажет ететін жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге дайын. 

Шымкентте саябақтар мен гүлзарлар жабылды

Сонымен, коронавирустың қанат жаюына тоқсауыл қою мақсатында елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы әкімінің өкімімен шаһардың аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарлар 16 сәуірге дейін жабылды. 

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері шаһарда шектеу шараларын енгізу туралы қаулы шығарды

Онда былай делінген: "Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 15 наурызындағы №285 Жарлығы «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына және Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комисс ияның келісіміне сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары арасында 2 коронавирус инфекциясы (COVID-19) тіркелуіне және Қазақстан Республикасының тұрғындарының арасында өршуіне байланы сты, инфекцияның таралуына жол бермеу, індет ошағын оқшаулау және жою мақсатында  ҚАУЛЫЕТЕМІН: 

Шымкент: Әл-Фараби ауданында 45 кәсіпкер өз еркімен жұмысын тоқтатты

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасз ету мақсатында 4 жұмыс тобы құрылған. Оған тиісті құзырлы органдардың өкілдері кірген.Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты. 

Шымкент: Тұрғындар кредитті кешіктіріп төлеуге мұрсат бергені үшін алғыстарын білдіріп жатыр

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты банкке берешегі бар қазақстандықтардың барлық кредитін төлеу кейінге қалдырылған болатын. Өйткені карантиннің кесірінен елдегі кәсіпкерлік нысандардың 80%-ы жұмысын тоқтатты. Халық табыс көзін жоғалтты, отбасыға кіретін кірісі азайды. 

Шымкент: Орталық қырғы базар залалсыздандырылды

Санитарлық жағдай – жіті назарда. Дүниені дүрліктірген жағдайға байланысты мегаполистегі көпшілік көп шоғырланатын орындарда тазалық мәселесіне аса мән беріліп отыр. Солардың бірі – қала кіндігінен орын тепкен Орталық қырғы базар. 

Шымкент: Бетперде тақпай жүрсеңіз, айыппұл төлейсіз

Шымкент қаласында енгізілген қосымша шектеу шаралары кезінде бүкіл қалада бетперделік режим енгізіліп, барлық адам бетперде тағуға міндеттеліп жатыр. Алайда әлеуметтік желіде «Қаладағы дәріханаларда бетперде тапшылығы байқалуда. Бұл мәселені қалай шешуге болады?» деген сауал туындап отыр.