Шымкент: Карантиндегі тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. 

Шымкент қаласы көшелерінде жол сапасына рейд жүргізілді

ҚР Сыбайлас жеморлыққа қарсы күрес агенттігінің бастамасымен құрылған «Сапалы жол» жобасы аясында Шымкент қаласы көшелерінде жол сапасына рейд жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – бармақ басты, көз қысты әрекетке жол бермеу. 

Шымкент: 19 сауда орнында, 4 елді мекенде халыққа қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Шымкент қаласында енгізілген қосымша шектеу шаралар туралы халықты құлақтандыру жұмыстары 2020 жылғы 29-30 наурыз аралығында ұйымдастырылып, қала аумағында 19 сауда орнын, 4 елді мекенді (Ігілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Жаңаталап), 5 көшені қамтыды. 

Шымкент: Қаратау ауданындағы көшелер дезинфекцияланып жатыр

Шымкент қаласында коронавирус індетіне қарсы профилактикалық шаралар жалғасын табу үстінде. Дәлірек айтсақ, дезинфекциялау жұмыстары Қаратау ауданындағы Нұрсұлтан Назарбаев және Бәйдібек би даңғылдарында, сонымен қатар Сейдолла Бәйтереков, Төлепбек Назарбеков, Арғынбеков көшелерінде жүргізіліп жатыр. 

Шымкент: Абай ауданында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

Абай ауданында 40 көшені күніне 2 рет «LTD Тұрмыс» мекемесінің 2 техникасы залалсыздандыруда. Сондай-ақ ауданға қарасты 716 үйге №35748 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 4 техникасы дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Түркістан облысында мұқтаж азаматтарға көмек көрсету үшін әлеуметтік қорға қаражат жинау жарияланды

  

Түркістан облысында коронавирус пандемиясының зардаптарына қарсы күресте халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету үшін "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорына қаражат жинау жарияланды.