Түкістандық іскер әйелдер «Біз біргеміз» акциясы аясында мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Ел басына туған төтенше жағдай кезінде Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығы да "Nur Otan" партиясы қолға алған "Біз біргеміз!" акциясына үлесін қосуда. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.  

Түркістан: Мақтааралда коронавирустың алдын алу бойынша көшелерде арнайы аудио хабарлама таратылуда

ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, Мақтаарал ауданында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша құзырлы мекемелердің мүшелігінде өңірлік комиссия құрамы және 9 адамнан құралған 3 мониторингтік топ және 66 адамды құрайтын 11 ақпараттық-насихат топтары бекітілген.

Түркістан облысында қашықтықтан оқыту процессі бойынша дайындық жұмыстары пысықталуда

 

  4-ші тоқсан оқу процессі республика бойынша барлық оқушылар үшін қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізілетін болады. Бұндай шешім ҚР Үкіметі тарапынан қабылданды. Әрине, шешуі тиіс мәселенің де бар екені белгілі. Сол үшін барлық мүмкіндікті пайдалану мақсатында облыс әкімдерімен өткен үкімет отырысында да тапсырмалар мен ұсыныстар жасалды.

Түркістандық кәсіпкер 2 млн.теңгенің ет өнімін елге таратты

 Елімізде «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда. Коронавирус індетіне қарсы күресті күшейту, көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау мақсатында қолға алынған акцияға жанашыр азаматтар атсалысуда.

Шымкентте дайын құжаттарды беру терезесі қай ХҚКО-да жұмыс істейтінін білгіңіз келсе...

30 наурыздан бастап әр қалада бір ғана ХҚКО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. Мұнда қазақстандықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева хабарлады. 

Шымкент: "Малибу" кафесіне санитарлық нормаларды бұзғаны үшін хаттама толтырылды

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28 наурызында түнгі сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді. Талапқа сай, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді. 

Шымкентте 285 мың дана медициналық бетперде таратылды

Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылды.Бұл жөнінде Шымкент қаласының төтенше жағдай штабы хабарлады. 

Шымкент қаласы әкімдігі жергілікті тұрғындарды үйден шықпауға шақырады

«Баршаңызға мәлім, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Сіздерден өз үй-жайларыңыздан мүмкіндігінше шықпауды өтінеміз. Азық-түлік немесе дәрі-дәрмек алу сынды аса қажеттілік болмаса, сауда орындары мен базарларға, саябақтарға, ойын алаңшаларына баруды және туған-туыстардың, дос-жарандардың үйлеріне қыдыруды уақытша доғаруды сұраймыз». Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай штабы мәлімдеді.