Саялы Сайрам ауданы: қызу еңбек қайнаған

     Сайрам ауданының əкімі Уласбек Сәдібекұлы Құтарыс және Көлкент ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Аудан әкімі әуелі аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбілік аясында Құтарыс ауылындағы көшет отырғызу жұмыстарына қатысты.  

«Emerge x Turkistan» Халықаралық конференциясы стартапшыларға мол мүмкіндік береді

   

  Түркістанда 21-22 наурыз күндері  «EMERGExTURKISTAN» Халықаралық tech-конференциясы өтеді. Онда қатысушылар стартаптарға өз жобасын ұсынып, инвесторларды тартуға және 10 000 АҚШ долларын ұтып алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы облыс орталығында өткен аталмыш шараның ұйымдастырушылары берген баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Отырар ауданында Абайдың 175 жылдығына орай жылжымалы көрме ашылды

 

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы сапар орталығында» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Шежірелі Шыңғыстаудан-киелі Отырарға» тақырыбында жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Түркістан: Сарыағаш ауданында ауыл тұрғындарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді

       

Дербісек ауылдық округінде өткен кеңесте жергілікті халыққа бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қаржылай мүмкіндіктерді арттыру мәселелері айтылды. Семинар барысында ауыл шаруашылығы саласындағы тамшылатып суғару мамандығы бойынша үй бақшасында субтропикалық дақыл өсіру, көшет өндіру кәсібін бастау үшін азаматтардың білімін жетілдіру жайы қамтылды.

Германияның бас консулы Түркістанға келді

 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Германия Федеративті Республикасының бас консулы Кристиана Маркертпен кездесті. Тараптар екі жақтың сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мүмкіндіктерін, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Түркістан облысындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланған жиын өтті

  

 Түркістан облысында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Экология министрі Шардара су қоймасындағы өнеркəсіптік балық аулау процессімен танысты

 

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Шардара су қоймасындағы өнеркəсіптік балық аулау процесімен танысты.