Шымкент дендросаябағының жасыл желек қоры жаңартылып, инфрақұрылымы жақсарды

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағында 2024 жылдың 10 айында ауқымды абаттандыру, көгалдандыру және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Саябақтың негізгі бағыты ағаштардың жай-күйін күтіп-баптау және гендік қорды молайту болып отыр.

Шымкент: Абаттандыру жұмыстары аясында 91 орынға раушан гүлі отырғызылды

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бастамасымен 2024 жылы қала аумағын көркейту және абаттандыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Магистральді көшелердің қиылыстары, айналма жолдар мен жол жиектері барлығы 91 орынға көпжылдық раушан гүлдері отырғызылды.

Сауран ауданында домбыраға қызығатын этнос жастарының қатары көбейген

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.  Сапар аясында БАҚ өкілдері Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылына қарасты Қосмезгіл елді мекенінде Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта мектепте ашылған Домбыра үйірмесінің жұмысымен танысып, этнос жастарының өнеріне куә болды.

Сауран ауданы: «Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру» тақырыбында кездесу өтті

Сауран ауданы білім бөлімі қарасты Оранғай ауылдық округі «№3 жалпы білім беретін мектебінде» «Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылармен кездесу өтті. Кездесу барысында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас манаы Р.Әсілбек ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтыпі келген қонақтарды таныстырды.

Шымкентте патриоттық кітап талқылауы өтті

Шымкентте Тәуелсіздік күніне арналған ерекше шара ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен және қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлының қатысуымен «Сенің ортаң» жобасы аясында кітап талқылауы өтті.

Шымкентте креативті индустрияны қолдану жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жергілікті креативті индустрия кәсіпкерлеріне арналған кезекті жәрмеңке өтті. Креативті индустрия бүгінде жаһандық экономиканың маңызды саласына айналып отыр. Қаламызда бұл бағытты дамытуға ерекше назар аударылуда.