Super User

Super User

Сауран ауданы: Жібек жолы ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Әшірбеков 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Баяндамада округ аумағында жүзеге асқан инфрақұрылымдық жобалар, абаттандыру жұмыстары, әлеуметтік саладағы көрсеткіштер және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар таныстырылды.

Сауран ауданы: Майдантал ауылдық округінің бес айлық жұмыс қорытындысы сараланды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Майдантал ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуде Майдантал ауылдық округінің әкімі Алмас Қамбарбекұлы 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар жер қатынастары, коммуналдық сала, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы бойынша жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалды.

Сауран ауданының әкімі Ынталы елді мекеніндегі спорт кешені құрылысымен танысты

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Майдантал ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Ынталы елді мекенінде салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сауран ауданы: Майданталда жаңа футбол және балалар ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

Сауран ауданына қарасты Майдантал елді мекенінде жаңа футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды жаңа нысандардың пайдалануға берілуімен құттықтады. Жоба аясында аумағы 800 шаршы метрді құрайтын футбол алаңшасы және 150 шаршы метрлік балалар ойын алаңшасы салынды. Аталған нысандар ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді.

Осы RSS каналға жазылу