Super User

Super User

Сауран ауданы: Жүйнекте инвестициялық жобалар мен ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстары қарқын алған

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Жүйнек ауылдық округінде ауыл әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында Жүйнек ауылдық округінің әкімі Төребай Әбдікарімов 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.

Сауран: Қарашық ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп беру кездесуі өтті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Қарашық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, округ әкімінің 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары бойынша есеп беру жиынына қатысты. Кездесу барысында Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасап, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инфрақұрылым және әлеуметтік салада атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Сауран ауданы: Қарашық мәдениет үйі қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді

Сауран ауданына қарасты Қарашық ауылдық округіндегі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, мәдениет саласы қызметкерлері мен ауыл тұрғындарын маңызды нысанның ашылуымен құттықтады.

Сауран ауданында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жоба іске асуда

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, жүзеге асырылып жатқан мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған жоба агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, ет өндірісінің көлемін арттыруға және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған. Қазіргі таңда нысанның негізгі құрылыс жұмыстары жүзеге асырылуда.

Осы RSS каналға жазылу