«Ынытмақ шеруі» жобасы аясында Түркістан облысына Жетісулық делегация келді
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 40-қа жуық мүшелері «Ынтымақ шеруі» жобасы аясында Түркістан облысына және Шымкент қаласына келді. Құрамында ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және журналистер енген жетісулық делегацияны кеше Түркістандықтар ерекше ықыласпен қарсы алып, Отырар ауданындағы және Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени орындарымен таныстырды.