Сарыағаш ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту көрсеткіші өсіп келеді

Сарыағаш ауданында биыл 29 мамандық бойынша жоспарға сәйкес 1190 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданған. Оқуға жолданған азаматтардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алғандары 1053-ті құрайды. Жалпы оқуға жолданған 1190 азаматтың 914-і сұранысқа ие заман талабына сәйкес келетін білікті мамандық иесі атанып, ауданның мәдениет үйінде өткен жәрмеңкеде куәліктері салтанатты түрде тапсырылып, бос жұмыс орындары ұсынылды.

Сарыағаш ауданында томографиялық орталық ашылып, балабақша пайдалануға берілді

Апта басында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барды. Алдымен «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен танысқан өңір басшысы одан кейін Жібек жолы ауылдық округіндегі «Бес Жұлдыз» балабақшасына келді. Жеке кәсіпкер Г.Гуламованың иелігіндегі балабақшаға 1,1 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Қазір 450 бала тәрбиеленіп жатыр. Алпыс адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі балаларға базарлық ұсынып, балабақша ұжымының қадамын оң бағалады.

Түркістан облысы: Арыс қаласында биыл 100-ден астам отбасы баспаналы болады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Арыс қаласына БАҚ өкілдері үшін пресс-тур ұйымдастырды. Онда журналистер шахардағы тұрғын үй мәселесіне, әлеуметтік және басқа да нысандарда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына қанықты.

Түркістан облысы: отырарлықтар Еңбек күнін атап өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жұмысшылар әулетінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту мақсатында Еңбек күні мерекесі белгіленген болатын. Осыған орай еліміздің барлық өңірлерінде қыркүйектің соңғы жексенбісінде еңбек күнін атап өту дәстүрге айнала бастағаны белгілі. Бұл игі дәстүрден Отырар ауданы да шет қалған жоқ.

«Астана-Түркістан» теміржол бағыты ашылатын болды

Астана қаласынан Түркістанға сапар шегетін жолаушылар үшін жағымды жаңалық! Ендігі жерде Елордадан Түркістан қаласына дейін пойыз ауыстырмай-ақ жетуге толық мүмкіндік тумақ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Түркістан облысына көлік қатынасын дамыту және жолаушыларды Қазақстанның танымал туристік орындарының біріне қарай тасымалдау мақсатында №176/175 Астана-1 - Шымкент пойызының бағытын Түркістан қаласына дейін ұзартып жатыр.

Жетісай ауданында Қызылқұм ауылының 70 жылдық мерейтойы аталып өтті

Түркістан облысы Жетісай ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қызылқұм ауылдық округінің 70 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерекелік шара округке кіреберістегі «Шаңырақ» монументінің ашылуымен бастау алды. Еңселі монументтің ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым Жүнісов, профессор Бегім Серіков сынды азаматтар қатысты.

Түркістан облысы: Мақтааралдың әкімі «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтарымен кездесті

Мақтаарал ауданы жаңадан құрылып, дербес дами бастағандықтан, Мырзакент пен Атакент кенттерінде тұңғыш рет «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмыс жасай бастады. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ауданның студент және жұмыссыз жастарын қосымша жұмыспен қамту, қоғамдық, еңбек белсенділіктерін нығайтуды жүзеге асыру, жастар бойында азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын қалыптастырған болатын.

Мақтааралда «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты конференция болып өтті

Мақтаарал ауданында «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты аудандық конференция болып өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Туребеков және білім ұйымдарының мамандары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері қатысты.