Түркістан облысы: созақтықтар ауданның 90 жылдығын тойлауға дайындалып жатыр

Қазан айының екінші онүкіндігінде Созақ ауданының құрылғанына 90 жыл толғалы тұр. Аталған мерекелік күнді ерекше әрі есте қаларлықтай етіп атап өту үшін аудан халқы тынбай жұмылып, ұйымдастыру ісіне білек сыбана кірісті.

Түркістан облысы: Атамекен ауыл округіндегі жолдар жөнделіп жатыр

«Жол жөндеу жұмыстарында көзбояушылыққа жол берілмеуі керек. Әсіресе, төселініп жатқан асфальт жолдардың ені мен қалыңдығы талаптарға сай болуы қажет». Бұл туралы Жетісай ауданының Атамекен ауыл округіне қарасты Жеңістің 40 жылдығы елдімекеніндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.

Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы Қоғалы ауылы көгілдір отынмен қамтылады

Таяу күндері Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауыл округінің Қоғалы ауылындағы 136 отбасы көгілдір отынмен қамтылмақ.  Бұл мақсатқа 2017 жылы облыстық бюджеттен 87 млн 219 мың теңге бөлініп,  ұзындығы 8,69 шақырымды құрайтын газ құбырлары тартылған болатын.

Түркістан облысы: білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрылтай конференциясы өтті

Өткен сәрсенбі, яғни 19 қыркүйек күні Жетісай, Мақтаарал аудандарының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрылтай конференциясы өтті.  Күн тәртібіндегі басты мәселе – ауданның бөлінуіне орай білім беру ұйымдарының кәсіподақ басшыларын сайлау болатын.

Түркістан облысы: Сайрам ауданындағы 60 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысы Сайрам ауданында ағымдағы жылы елдімекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында 6 мыңнан астам тұрғын таза ауызсу ішетін болады

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында су құбырларының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Биыл ауданның 2 бірдей ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Атап айқанда, тұрғындары артезиан құдықтардан су ішіп келген Тағайна ауылы мен су құбырлары тозған Зағамбар ауылы. Зағамбар ауылындағы су құбырының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында бастаса, Тағайнадағы құрылыс жұмыстары мамыр айында бастау алған.

Сарыағашта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Сәрсенбі күні, яғни 12 қыркүйекте Сарыағаш ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 400 бос жұмыс орны ұсынылғанын айта кеткен жөн. Дәлірек айтсақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған тұрғындар жұмыспен қамтылды.