Бүгін Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XXХIV конференциясы өтті. Конференцияның жұмысына Түлкібас ауданы әкімі, аудандық партия филиалының төрағасыНұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков, аудандық мәслихат хатшысы Сәдуахас Балтабайұлы Сейсенбаев, аудандық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, атқарушы және өкілетті билік пен мемлекеттік мекемелердің басшылары, партияның «Жас Отан» Жастар Қанаты мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.