Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында екі мектеп пайдалануға берілді
Өткен бейсенбі, яғни 23 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Өңір басшысы Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округінде орналасқан 600 орындық орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Облыс әкімі мемлекет тарапынан білім саласына көңіл бөлініп жатқанын, білім ұяларының саны артқанын айта келе жаңа мектептің ұстаздары мен оқушыларына сәттілік тіледі.