Шымкент қаласының әкімі шаһарды абаттандыру жұмыстарымен танысты

Соңғы уақытта Шымкентте жаңа қоғамдық орын салуға ниетті компаниялар саны артып келеді. Қала әкімдігі үнемі мегаполисті дамытуға және тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған бизнес жобаларды қолдауға дайын.

Шымкенттік көпбалалы ана кептірілген жеміс бизнесін қолға алды

Шымкент қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Раушан Жантөреқызы мемлекеттен осы жылы 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алып, кептірілген жеміс бизнесін қолға алды. Ол бұл істі өз балаларының денсаулығын жақсарту мақсатында бастаған. Раушан дүкен сөрелеріндегі тәттілер мен қытырлақ тағамдардағы химиялық қоспалардың зияндылығын байқаған соң, балаларына табиғи әрі пайдалы өнім ұсыну жолын іздеген.

Шымкент: «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын талқылады

«AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуына мониторинг жүргізу бойынша штаб өкілдері және қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелерімен бірлескен отырыс өтті.

Шымкент: Оқушылар арасындағы буллинг қоғам назарында

Қоғамда буллинг шамадан тыс даралану, бәсекелестіктің өсуі, күнделікті өмірдегі әлеуметтік шиеленіс, өзара жанжалды қарым-қатынасқа байланысты анықталады. Аталған іс-әрекеттер білім беру жүйесінде де жиі кездеседі.

Шымкент: Мектеп оқушыларына жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері үйретілді

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен №1 Talant мектебінде «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті.

Шымкент: Бозарық-3 ықшам ауданы газға қосылды

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорыны «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент қаласының Бозарық-3 ықшам ауданын табиғи газға қосты. Ондағы 700 үйдің тұрғыны енді от жағып, күл шығару машақатынан құтылады.

Шымкентте "Құқықтық көмек" жобасы аясында тұрғындар білікті заңгерлерден көмек алды

Қоғамда азаматтардың құқықтық, қаржылық сауаттылығы әлі де төмен екені жасырын емес. Соның салдарынан, өз мүдделерін қорғай алмай сот залдары мен мен мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырып жүргендер өте көп.

Түркістанда балабақша бүлдіршіндері арасында «Өнерім саған – Қазақстан!» фестивалі өтті

25-қазан – Республика күні! Осы бір мерекелі күнді жоғары дәрежеде атап өту мақсатында қалалық білім бөлімі біршама іс-шараларды жоспарлап, іске асыруда. Солардың бірі – балабақша бүлдіршіндері арасында ұйымдастырылған «Өнерім саған – Қазақстан!» атты фестивалі болды.