Super User

Super User

Шымкенттегі қорғасын зауытының мұнарасын бұзуға конкурс жарияланды

Бір кездері аты әлемге әйгілі болған, бүгіндері жұмысын тоқтатқан Шымкенттегі қорғасын зауытының мұнарасын бұзуға конкурс жарияланып отыр. Ескі мұнаралар мердігер мекеме анықталған соң бұзылатын болады. Бұл туралы таяуда қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті

Таяуда Шымкент қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өткені белгілі. Онда Шымкент қаласының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі, қалалық білім, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімінің есебі, сондай-ақ, төрт аудан әкімдігінің жұмысы тыңдалды. Сессияға қала әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлыныңда қатысқанын айта кетейік.

Шымкенттегі №1 қалалық аурухана электронды кезек жүйесіне көшірілді

Шымкентте ақылы медициналық қызметтен түскен ақшаға «Амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология орталығы» қысқа мерзім ішінде жөнделіп, қайта құрылымдаудан өткізілді. Жөндеу жұмыстарына жалпы 10 миллион теңге жұмсалған.

Ескі көліктерді қайта өңдеуге өткізу бойынша Шымкент көш бастап тұр

Бір жыл бұрын Қазақстанда ескі көліктерді қайта өңдеуге өткізу бағдарламасы басталған-ды. Бұл қаншалықты сәтті болды? Бағдарлама басталғалы өткен 12 ай  ішінде 10 мыңнан астам азамат ескі көліктерін өткізуге және өзімізде құрастырылған жаңа көлік құралын сатып алу үшін жеңілдік алуға мүмкіндік алды. Айта кетерлігі, ескі көліктерін өткізу жөнінен Шымкент қаласы бірінші орыннан көрінген.

Осы RSS каналға жазылу