Сәрсенбі, 23 Қазан 2019 19:06

Шымкент: МӘМС жүйесі түсіндірілді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға медициналық сақтандыру жүйесін түсінірді. 

Медицина өкілдері «Қырғы базар» аумағындағы саудагерлер мен таксистерге келер жылдан бастап медициналық көмекті қалай алу керегін түсіндіріп, сақтандыру қорына төлетін жарналар туралы айтып берді. Сондай-ақ акция барысында мамандар хабарландыру жасап, ақпараттық-танымдық материалдар таратты.

Мамандардың қолдауымен №27, 84, 74, 35, 12,126, 19 және 135 бағыттағы қоғамдық көліктердегі теледидарларда медициналық сақтандыру туралы бейнероликтер көрсетілуде.

Айта өтейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Оған сай тұрғындар екі түрлі медициналық пакет бойынша көмек алады. Кепілдендірілген медициналық көмекті Үкімет қаржыландырады. Ал міндеттісі азаматтардың арнайы шотына жиналған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Жаңа жүйеге сай халық медициналық және дәрілік көмекті тең дәрежеде алады. Балаларға, зейнеткерлер мен ардагерлерге, көпбалалы аналарға, мүгедектерге және жұмыссыз оралмандарға мемлекет тарапынан жарна төленеді. Егер мұнан өзге қандай да бір сауалдарыңыз болса, 1406 және 1414 байланыс орталықтары сіздер үшін жұмыс істейді. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 948 рет