Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары 20 бағыт бойынша жүргізіліп жатыр
Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап Шымкент қаласында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Дезинфекциялық шаралар күн сайын 20 бағыт бойынша жүзеге асырылуда.
Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап Шымкент қаласында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Дезинфекциялық шаралар күн сайын 20 бағыт бойынша жүзеге асырылуда.
Мегаполистегі дүкендерде санитарлық талап күн тәртібінен түспеген. Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері азық-түлік сататын нысандарды жіті назарда ұстап отыр. Бұл жолы сала мамандары ірі сауда орталықтарының санитарлық жұмыстарын саралады.
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары антисептикалық сұйықтық дайындап шығарды. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Кез келген тәртіп бұзушылық жауапкершіліктен босатпайды. Бұл, әсіресе, Шымкент қалалық полиция департаменті қызметкерлеріне тікелей қатысты. Себебі, заң бәріне ортақ. Осылай деген Ералы Жұмаханбетов журналистермен бірге қала сыртындағы және ішіндегі блок посттардың жұмысын тағы рет пысықтап қайтты.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы қала әкімдігіндегі ситуациялық орталық жұмысын жіті бақылауда,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқыны өсіп жатыр. Атап айтқанда, Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдарының саны 117-ге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны тағы да 7 азаматпен толығып, облыста жалпы 74 науқас тіркелді.
Атап айтқанда, Созақ ауданы, Таукент ауылының 1980 ж. тұрғынынан коронавирус инфекциясы расталды.

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет үшін берілетін 15 мың теңге төлемге алдын ала есеп бойынша 385 380 адам қол жеткізетін болады. Оған республикалық бюджеттен 11,5 млрд теңге бөлініп отыр. Азаматтардан өтінімдер 1 мамырдан бастап арнайы электронды жүйе арқылы және "109" call-орталығымен қабылданатын болады.

Түркістан облысында жағымды жаңалық. Арыс қаласының 1970 ж. азаматы мен Жетісай қаласының 1983 ж.тұрғыны дертінен толық айығып, отбасына оралды.
Бүгін Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына өзгерістер енгізілді.