Super User

Super User

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА ҒИМАРАТ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Сауран ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Бұл нысанда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған. Нысанның ашылуына Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Б.Қалмұрзаев және сала ардагерлері қатысты.

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 3 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП, 3 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Түркістан облысында жергілікті тұрғындардың сұранысына сәйкес әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласындағы Қапал батыр көшесінде 3 тұрғын үй салынуда. Бес қабатты тұрғын үйлерде жалпы 156 пәтер болады. Нысан биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде тұрғын үйі «апатты жағдайда» деп танылған 125 отбасы мен кезекте тұрған 31 отбасы баспаналы болмақ.

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Арыс қаласына арнайы іссапармен барды. Онда бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, қаланың инфрқұрылымына қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ сала басшыларымен жиналыс өткізді.

Осы RSS каналға жазылу