Super User

Super User

Отырар ауданында еңбек ардагері Әбілқасым Құлымбетовтың 80 жасқа толуына «Елім деп еңбек еткен нар тұлға» атты салтанатты іс-шара өтті

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Әбілқасым Құлымбетовтың 80 жасқа толуына «Елім деп еңбек еткен нар тұлға» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Шараға келген көпшілік алдымен «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» кітап көрмесін тамашалап, аудан тарихынан сыр шертетін тарихи фотолармен танысты.

Отырар ауданының 90 жылдығы аясында «Ақ кимешек – ұрпаққа үлгі» атты әжелер байқауы өтті

Отырар ауданында Отырар ауданының 90 жылдығы аясында «Ақ кимешек – ұрпаққа үлгі» атты әжелер байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізе білу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау болды.

Отырар ауданының 90 жылдығына орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» шарасы аясында серпінді сенбілік өтті. Отырар ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына аудандағы жалпы кәсіпорындардың, қоғамдық, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен аудан тұрғындары, жалпы 1000-нан аса адам қатысты.

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында еңбек ардагері Жамалхан Ұзақұлын еске алуға арналған футболдан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында «Отырар ауданының 90 жылдық» мерейтойы аясында еңбек ардагері Жамалхан Ұзақұлын еске алуға арналған футболдан жасөспірімдер арасында облыстық турнир ұйымдастырылды.

Осы RSS каналға жазылу