Созақ ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда
Аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта аудан әкімдігінің бастамасымен және аудан аумағындағы кәсіпорындардың қолдауымен арнайы жарық шағылыстыратын қарғыбаулар алынып, Шолаққорған ауылындағы жол жиегінде жүретін ауыл шаруашылығы жануарларына тағылды.